«Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жітіқара аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
22 ақпан Жітіқара аудандық кітапханасында ОКЖ қызметкерлері үшін «Кітапханалардың библиографиялық қызметіндегі кітапханалық дәстүрлер мен инновациялар» атты онлайн семинар-практикумы өткізілді. Семинар-практикумды директор Ә.А. Жұмағұлова ашып, қатысушыларға табысты жұмыс тіледі.
ОКЖ библиографы Тутина Ботакөз Калиевна «Пайдаланушыларға библиографиялық қызмет көрсетудің заманауи үрдістері» туралы ақпаратпен таныстырды. Ол қолданушыларға библиографиялық қызмет көрсетудегі дәстүрлі және заманауи үрдістермен таныстырды. Библиографияның қазіргі замауи кезеңі ақпараттық кезең екені туралы мәлімет ұсынды. Желіде ұсынылған анықтамалық және энциклопедиялық басылымдар, кітапханалардың электронды каталогтары, библиографиялық деректер базасы және басқа да пайдалы көздер кітапхананың АБА көлемін бірнеше ретке арттырады.
Қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Г.Д. Згоник «Құжаттардың библиографиялық сипаттамасы» тақырыбында кеңес өткізді. Галина Дмитриевна құжаттың библиографиялық сипаттамасын жасау талаптары мен ережелеріне және электрондық ресурстарға толығымен тоқталып өтті. Мысалдар келтіріп түсіндірді. Пайдаланылған әдебиеттер тізімін құрастыру туралы айтып берді.
ОКЖ әдіскері Аймұхамедова Сара Мұхамбетфазыловна семинарға қатысушыларды библиографиялық құралдардың негізгі түрлерімен және үлгілерімен, сондай-ақ библиографиялық құралдарды дайындаудың жалпы әдістемесімен таныстырды.
Семинарды балалар кітапханасының меңгерушісі Егорова Римма Гафуровна жалғастырды, ол оқуды қолдау және ілгерілету мақсатында «Электрондық библиографиялық құралдарды құру» туралы айтты. Римма Гафуровна интерактивті «Лэпбук» папкасын жасалуы туралы айтып өтті.
Библиограф интерактивті «Лэпбук» папкасының үлгілерін көрсетуі туралы тақырыпты толықтырды. «Кез келген тақырыпта Лэпбук библиографиялық құралын құру» туралы үй тапсырмасы берілді.
Семинар жағымды тосын сыймен аяқталды – АОКЖ директоры Әсем Ахметвалиевна ОКЖ кітапханашылары Т. Б. Турабаева, В. Н. Столяр, Ю. В. Леготинаға Bookfasefriday аудандық фотоакциясына белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапаттады.
22 ақпан "Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ мен ҚР ІІМ ҚАҚК "161/3 ҚК мекемесі" РММ арасында мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге жәрдем көрсету жөніндегі меморандум шеңберінде қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі консультативтік-кеңесші органның жұмыс жоспарына бірқатар мәдени-бұқаралық іс-шаралар әзірленді. Жітіқара аудандық кітапханасы осы жобаға белсенді қатысып, 161/3 ҚК мекемесіне 35 дана көлемінде кітаптар және 70 дана журналдарды 2020 және 2021 жылдары сыйға тартты.