«Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жітіқара аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
25 ақпан Ағымдағы жылдың 25 ақпанында «Жітіқара аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ директоры Ә.А. Жұмағұлова Свердлов облыстық балалар мен жастар кітапханасының ұйымдастыруымен «Заманауи кітапханадағы балаларға арналған өлкетану» халықаралық конференциясына қатысты.
Конференцияға Алтай, Ставрополь өлкесі, Хакасия, Екатеринбург, Қостанай кітапханалары қатысты.
Әсем Ахметвалиевнаның тақырыбы «Өлкетану – патриотизмге тәрбиелеудің кепілі». Ә. А. Жұмағұлова өлкетану бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Өз сөзін бейнетаныстырылыммен толықтыра отырып, өскелең ұрпақпен жұмыс істеудің жаңа әдістері мен нысандары туралы айтып берді.