Четверг, 03.07.2025, 16:32
Приветствую Вас Гость | RSS

«Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Жітіқара аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа

Сан қырлы өлкетану 2024

     21 тамызда Жітіқара қаласының 85 жылдығын мерекелеу аясында «КМ Бөбек» ЖШС тәрбиеленушілеріне арналған аудандық балалар кітапханасы- «Бұлақтар» тобына «Шабыттандыратын жер» / «Земля, что дарит вдохновенье» атты танымдық сағат өткізді. Оқу залының кітапханашысы кітапханаға экскурсия жүргізіп, балаларды кітап қорымен таныстырды. Әрі қарай балалар қаланың пайда болу тарихын біліп, «Қаланың көрікті жерлерін тап» ойынын ойнады және «Менің қаламның көрікті жерлері» атты өлкетану фотокөрмесімен танысты.

     Жітіқара қаласының 85 жылдық мерейтойы аясында аудандық балалар кітапханасы «Одноклассники» желісін пайдаланушылар үшін «Туристік бренд-бульвары» виртуалды баспасөз клиппинг  дайындады.
     Жергілікті «Абай жолы» бульвары, Кеңес Одағының батыры, артиллерия сержанты Естай Есжановтың ескерткіші және «Интернационалист-жауынгерлерге мәңгілік естелік» = «Вечная память воинам-интернационалистам» монументі ауған соғысында қаза тапқан қазақ жауынгерлері жайлы өлкетану бейнеролигінде көрсетілген. Баспасөз-клиппинг бұрын жарияланған газет мақалалары мен олардың библиографиялық сипаттамасын көрсетеді.

     Қазақстан Халқының Бірлігі күні қарсаңында  және Жетіғара кентінің ЖІТІҚАРА қаласына айналғанына аудандық балалар кітапханасы «Одноклассники» желісін пайдаланушылар үшін «Көп халық, бір ел» / «Народов много, страна одна» атты бейне серуен дайындады. 1 мамырда біздің Республикада мереке-Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтеді. Бұл күні Отанымыздың барлық қалалары мен ауылдарында барлық ұлттар мен ұлыстардың өкілдері өздерінің бірлігін, достығын, ортақ гүлденген, тәуелсіз және еркін үйін – Қазақстан Республикасын көруге деген ұмтылысын тағы кезекті рет көрсету үшін жиналады. Бейне серуенде сүйікті қаламыз-Жітіқара, қаламыздың мейірімді және көпұлтты халқы көрсетіледі. Бейнеде Анастасия Ахатованың «В нашем городе славном…» атты авторлық өлеңі айтылады.

 

Поиск
Календарь
«  Июль 2025  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
Архив записей

Copyright MyCorp © 2025
Сделать бесплатный сайт с uCoz