«Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жітіқара аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жітіқара аудандық кітапханасы Халықаралық bookface акциясына қосылды. Қаңтар айында біз өз парақшаларымызда кітапханашы моделдердің және оқырмандардың жүздерін кітап мұқабаларымен біріктірілген фотосуреттерді жарияладық.
Суреттер әр аптаның жұма күндері #bookfacefriday хэштегі арқылы жарияланып отырды.
«Букфейстерді» жасау кезінде ерекше фотосуреттер алынды, модель ретінде адамдардар ғана емес, жануарлар да қатысты, кітап шеберлері дененің басқа бөліктерін кітаптардың суреттерімен толықтырып қатысты. Ұраны: күтпеген шешім – жақсырақ болады!
Қаңтар айында біз 20 креативті фотосурет жарияладық. Қағаз кітабын қорғауға арналған флешмоб жалғасуда. Құрметті оқырмандар, өз фотосуреттеріңізді аудандық кітапхананың электронды мекен-жайына деректеріңізді көрсетіп жіберіңіз. kniga_jitikara@mail.ru
29 қаңтар Күні Забелов ауылдық кітапханасында «Оқимыз, ойнаймыз, жасаймыз» атты хобби-клубы ашылды. Клубты құру мақсаты: баланың жеке басын толыққанды түрде дамыту үшін, әртүрлі жұмыс түрлері арқылы балаларды оқуға тарту болып табылады.
Клубтың алғашқы отырысы кездесу танысу форматында өтті. Клуб мүшелері бір-бірімен, сондай-ақ құрылыммен, жарғымен және сабақ жоспарларымен танысты. Балаларға хобби-клубтың атрибуттарын жасауға қатысуға бірегей мүмкіндік берілді: ұран мен эмблема ойлап табу. Клуб 7 жастан 12 жасқа дейінгі оқушылар үшін әрдайым ұйымдастырылып, тұрақты түрде жұмыс істейтін болады.