Четверг, 03.07.2025, 21:59
Приветствую Вас Гость | RSS

«Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Жітіқара аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа

Главная » 2021 » Февраль » 5 » Жаналықтар
13:59
Жаналықтар

 

4 ақпан 
     Күні аудандық кітапхананың оқу залында ZOOM платформасында «Латын әліпбиі – рухани жаңғыру көзі» атты зияткерлік тренингін өткізді. 
Бұл іс-шарада аудандық кітапхана қызметкерлері қатысты. Латын негізіндегі жаңа қазақ әліпбиі болу керек пе, жоқ па? Аудандық кітапхананың әдіскері өз сөзін осы сұрақтан бастады. Бірнеше жыл бойы бұл мәселені, бұқаралық ақпарат құралдары еске салып жүрді, алайда нақты жауап берілмеді. Бірақ қазақ тілінің өзіне тән дыбыстарын білдіретін тоғыз әріптің «тағдыры» жұртшылықтың басты алаңдатушылығын тудырды. Мәселен, осы жылдың 28 қаңтарында елімізде таяудағы екі, үш жылда енгізу жоспарланып отырған, жетілдірілген әліпби ұсынылды. Ұсынылған әліпби  латын әліпбиінің базалық 31 символын қосты және қазақ тілінің 28 дыбысын қамтыды. Таныстырылымда қазақ тілінің ерекше дыбыстары ұсынылды: ә (ä), ө (ö), ү (ü), ұ (ū) и ғ (ğ), ш (ş) олар диакритикалық таңбалармен белгіленген ( ̈ ), макрон ( ˉ ), седиль ( ̧), бревис ( ̌ ) 
     Әрі қарай кітапхана қызметкерлеріне «Кім жылдам сұрақтарға жауап береді» атты шағын жаттығу ұсынылды. Тренинг топтарда «Мақалды жинақта» «Әдеп басы – тіл»   «Ädep basy – tɪl» атты шығармашылық тапсырмалармен жалғасты.  Белгілі қазақ ертегілерінің немесе әңгімелерінің латынша атауларын дұрыс оқы. Латын қарпіне көшу, ең алдымен, қазақ әліпбиі мен орфография ережелерін реформалауға бағытталған. Тренинг соңында қатысушыларға латын әліпбиімен буклеттер таратылды.

Просмотров: 206 | Добавил: warlock | Рейтинг: 0.0/0
Поиск
Календарь
«  Февраль 2021  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
Архив записей

Copyright MyCorp © 2025
Сделать бесплатный сайт с uCoz