«Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жітіқара аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
15 ақпан 15 ақпан – ерліктің, жанқиярлықтың және Отанға деген мызғымас адалдықтың нышаны ретінде жадымызда мәңгі сақталатын күн. Мереке қарсаңында аудандық кітапхана тарихи-өлкетану мұражайы және тілдерді оқыту орталығымен бірлесе отырып, «Ауғаныстан біздің жадымызда»атты ерлік сағатын өткізді.
Шараның құрметті қонақтары Ауғанстан соғысының ардагерлері: Бекенов Мурзабек Ізбасарұлы, Есенов Қоныспек Омарұлы, Мутлапов Серік Рамазанұлы және «Жітіқара аудандық Ауған соғысы ардагерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тастамбек Нұртайұлы Өмірәлинов .
Шара барысында М.Тулубаев пен Арман Адибаевтың орындауында Ауған соғысы туралы әндер, жергілікті авторлардың өлеңдерін Т.Медетбаева, А.Мнайдарова және Пригородный ауыл мектебінің оқушысы Хамзин Мансур гитарамен ән орындады. Сонымен қатар «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубы АК автоматын құрастыру және бөлшектеу бойынша шеберлік сабағын көрсетті.(жетекшісі Адибаев А.Қ.).
Ұсынылған «Ауған соғысы» атты кітап пен тақырыптық
... Читать дальше »