Четверг, 03.07.2025, 22:00
Приветствую Вас Гость | RSS

«Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Жітіқара аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа

Главная » 2024 » Февраль » 7 » Жаналықтар
11:51
Жаналықтар

 

15 ақпан
     15 ақпан – ерліктің, жанқиярлықтың және Отанға деген мызғымас адалдықтың нышаны ретінде жадымызда мәңгі сақталатын күн. Мереке қарсаңында аудандық кітапхана тарихи-өлкетану мұражайы және тілдерді оқыту орталығымен бірлесе отырып, «Ауғаныстан біздің жадымызда»атты ерлік сағатын өткізді.
Шараның құрметті қонақтары Ауғанстан соғысының ардагерлері: Бекенов Мурзабек Ізбасарұлы, Есенов Қоныспек Омарұлы, Мутлапов Серік Рамазанұлы және «Жітіқара аудандық Ауған соғысы ардагерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тастамбек Нұртайұлы Өмірәлинов .
Шара барысында М.Тулубаев пен Арман Адибаевтың орындауында Ауған соғысы туралы әндер, жергілікті авторлардың   өлеңдерін  Т.Медетбаева, А.Мнайдарова және   Пригородный ауыл мектебінің оқушысы Хамзин Мансур гитарамен ән орындады. Сонымен қатар «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубы АК автоматын құрастыру және бөлшектеу бойынша шеберлік сабағын көрсетті.(жетекшісі Адибаев А.Қ.).
Ұсынылған «Ауған соғысы» атты кітап пен тақырыптық көрме жас ұрпақтың қызығушылығын тудырды.
     Іс-шара ашық микрофон түрінде өтті, онда студенттер  ардагерлерге өздерінің көкейінде жүрген  сұрақтарын қойып, олар өз кезегінде естеліктерімен бөлісті. Сабақ соңында ардагер лерге ынтымақтастық үшін алғыс хаттар табыс етілді.

 

6 ақпан
     Кітапхананың оқу залында аудандық кітапхана қызметкерлері нашақорлықтың алдын алу аясында  ЖПК 2 курс студенттерінің қатысуымен «Өмір құнына қызығушылық» атты қарым-қатынас сағатын ұйымдастырды.
Шақырылған қонақтар мен сарапшылар: салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің медбикесі С.И.Комракова, «Жастар ресурстық орталығы» КММ заңгері Ильенко К.В. және Жітіқара аудандық ауруханасының  психологы Адуева З.М.
     Іс-шара барысында студенттер «Сенің таңдауың» атты анонимді сауалнамаға қатысты, есірткінің жастар өміріне әсері туралы әлеуметтік роликтер көрсетілді, студенттер библиоквилт пен ситуациялық ойындарға қатысты. Әдебиеттерге шолу жасалды, онда іс-шараға қатысушылар есірткінің зияны, психотроптық заттардың адамға әсері, тиімді емдеу курсын қалай таңдау керек, адамға қалыпты өмірге қайта оралуына қалай көмектесу керектігі туралы кітаптармен танысты. 
     Іс-шара дөңгелек үстел түрінде ұйымдастырылды, онда әрбір адам осы тақырып бойынша мамандарға өз мінез-құлқына жауапкершілік туралы сұрақтарын қойып, есірткіні қолданудың себептері мен салдарын түсіндіріп, топтық қысымға қарсы тұруды үйреніп, өз пікірін қорғай алды.
Болашақта мұндай іс-шаралар жастарымызға азғыруға қарсы тұруға және психоактивті заттарды қолдануды тоқтатуға көмектеседі деп сенеміз, өйткені есірткісіз өмір сүру әлдеқайда жақсы және қызықты.

Просмотров: 120 | Добавил: warlock | Рейтинг: 0.0/0
Поиск
Календарь
«  Февраль 2024  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
26272829
Архив записей

Copyright MyCorp © 2025
Сделать бесплатный сайт с uCoz