«Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жітіқара аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
7 шілде Аудандық кітапхананың абонемент кітапханашысы Гүлжазира Абишева мұсылмандардың ұлық мерекесі Құрбан айтқа орай «Қасиетті Құрбан айт мерекесі» тақырыбында Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінің бас имамы Қабиев Айбек Аманқосұлымен сұхбат өткізді.
Құрбан айтты ежелден ерекше қастер тұтып, «үлкен айт» деп атаған. «Он екі айдың сұлтаны – Рамазан» болса, Құрбан айттың одан да дәрежесі биік екенін осы «үлкен айт» деген жалғыз ауыз сөзбен білдірген.
Сұхбат барысында Айбек Аманқосұлы Құрбан айттың мәні, тарихы туралы әңгімелеп берді. Сондай-ақ, айтулы мейрамның мәртебесін биіктете түсу үшін отбасыларыңызға сыйлық жасап, балалардың көңілін тауып, мейрамның қадір-қасиетін кеңінен насихаттау керектігін де жеткізді.