«Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жітіқара аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
7 шілде Аудандық кітапхананың абонемент кітапханашысы Гүлжазира Абишева мұсылмандардың ұлық мерекесі Құрбан айтқа орай «Қасиетті Құрбан айт мерекесі» тақырыбында Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінің бас имамы Қабиев Айбек Аманқосұлымен сұхбат өткізді.
Құрбан айтты ежелден ерекше қастер тұтып, «үлкен айт» деп атаған. «Он екі айдың сұлтаны – Рамазан» болса, Құрбан айттың одан да дәрежесі биік екенін осы «үлкен айт» деген жалғыз ауыз сөзбен білдірген.
Сұхбат барысында Айбек Аманқосұлы Құрбан айттың мәні, тарихы туралы әңгімелеп берді. Сондай-ақ, айтулы мейрамның мәртебесін биіктете түсу үшін отбасыларыңызға сыйлық жасап, балалардың көңілін тауып, мейрамның қадір-қасиетін кеңінен насихаттау керектігін де жеткізді.
5 шілде Қазақстан Республикасының астана күні мерекесіне орай, аудандық кітапхана абонементінің кітапханашысы Анастасия Ахатова әлеуметтік желі қолданушылары үшін «Қазақстанның астанасы – мақтаныш және ілгерілеу белгісі» атты бейнекалейдоскоп кітап дайындады.
Мақсаты: кітапхана мен кітаптарды жарнамалау, кітап оқуды насихаттау, Қазақстан Республикасының астанасы туралы әдебиеттермен таныстыру.
5 шілде Астана күні қарсаңында қаланың орталық алаңында концерт кезінде Жітіқара ОКЖ әдебиет сүйер қауым үшін нағыз мереке ұйымдастырды.
«Нұр-Сұлтан – Қазақстанның бірлігі мен тәуелсіздігінің символы». Кітапхана қызметкерлері дайындаған кітап көрмесі-инсталляция осылай аталады.
Нұр-Сұлтан – тәуелсіз мемлекетіміздің дамуының көрнекті мысалы. Елорда күнін тек Нұр-Сұлтан тұрғындары ғана емес, Қазақстанның барлық қалалары да мерекелейді.
Көрменің басты мақсаты – оқырмандар мәдениетін қалыптастыру, Астана туралы әдебиеттерді насихаттау және отандық кітап шығарушылардың жаңалықтарымен таныстыру.
Қала тұрғындары Нұр-Сұлтанның тарихы, өткені, бүгіні және болашағы, сондай-ақ елорданың экономикалық, мәдени және әлеуметтік даму аспектілері туралы ұсынылған әдебиеттермен танысты.
Ұсынылған кітап басылымдарының ішінде Назарбаев Н. А. «Қазақстан жолы», «Ақмола», «Қазақстанның астанасы Астана», «Астана. XXI ғасыр» кітаптары аса қызығушылықпен танылды.
Біздің мемлекетіміздің астанасы туралы 20-дан астам түрлі-түсті ашық хаттар инсталляцияның сәніне айналды.
3 шілде Қазақ халқының қай заманда да серігі домбыра – қазақтың көңіл-күйін еш нәрсеге ұқсатпай жеткізетін сезімтал аспап болған. Домбыра – ең танымал музыкалық аспаптардың бірі.
Қазақстандағы Домбыра күнін мерекелеу аясында және Қазақстанның музыка мәдениеті, қазақтың ұлттық аспабы – домбыра, атақты композитор-күйшілермен таныстыру мақсатында
Жітіқара аудандық балалар кітапханасы аудандық кітапханамен бірге «Домбыра жүрегіммен үндес едің» атты кітап көрме-инсталляциясын дайындады.
Көрмеде Қазақстанның музыка өнеріне қатысты әдебиеттермен танысып қана қоймай, қолыңызға домбыра алуға да болады. Бұл музыкалық аспапта ойнаудың шеберлігін білетін кейбір оқырмандар шағын импровизацияланған концерттер ұйымдастырды.
Көрме көпшіліктің назарын аударып, Аудандық мәдениет үйінің мерекелік концертіне келгендерді бей-жай қалдырмады.