«Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жітіқара аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
31 мамыр 2017 жылы 31 мамыр күні ҚР Президентінің Жарлығымен қабылданған саяси куғын – сүргін құрбандарын күнінің 20 жылдығын атап өтеміз.
Осы күнге орай аудандық орталық кітапхана Жітіқара политехникалық колледжінің студенттермен НЭ-16 тобымен «Жадының тостағанынан іш...» «Из чаши памяти испей...» атты еске алу кеш өткізді.
Іс-шара барысында студенттерге Қазақстан үшін саяси қуғын-сүргін ерекше мәнге ие екенін жеткізді. Біздің республикадан миллионнан астам совет азаматтары сыртқа көшіп кетуге мәжбүр болды. Нәтижесінде, қатыгез саясатты анықтау бойынша «халық жауы» жазаланғандар ғана емес, олардың туыстары да қасірет көрді.
Студенттерге слайдтар, сол ауыр жылдардағы фотосуреттерді көруге мүмкіндік берілді, Қазақстан аумағында лагерьлерінің картасын қарады, біздің қостанайлық ақын, жазушы Федор Миннің бейне өлеңін тыңдады. Бейнематериал облыстық Л. Толстой атындағы кітапхананың әріптестерімен ұсынылды.