Четверг, 03.07.2025, 20:07
Приветствую Вас Гость | RSS

«Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Жітіқара аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа

Главная » 2017 » Май » 9 » Жаналықтар
21:05
Жаналықтар

31 мамыр
     2017 жылы 31 мамыр күні ҚР Президентінің Жарлығымен  қабылданған саяси куғын – сүргін құрбандарын күнінің 20 жылдығын атап өтеміз.
Осы күнге орай аудандық орталық кітапхана Жітіқара политехникалық колледжінің студенттермен НЭ-16 тобымен «Жадының тостағанынан іш...» «Из чаши памяти испей...» атты еске алу кеш өткізді.
     Іс-шара барысында студенттерге Қазақстан үшін саяси қуғын-сүргін ерекше мәнге ие екенін жеткізді. Біздің республикадан миллионнан астам совет азаматтары сыртқа көшіп кетуге мәжбүр болды. Нәтижесінде, қатыгез саясатты анықтау бойынша «халық жауы» жазаланғандар ғана емес,  олардың туыстары да қасірет көрді.
     Студенттерге слайдтар, сол ауыр жылдардағы фотосуреттерді көруге мүмкіндік берілді, Қазақстан аумағында лагерьлерінің картасын қарады, біздің қостанайлық ақын, жазушы Федор Миннің бейне өлеңін тыңдады. Бейнематериал облыстық Л. Толстой атындағы кітапхананың әріптестерімен ұсынылды.

28 мамыр
     Жазамын саған, туған жер...
     Осындай атаумен Отан туралы өлеңдерімен  жергілікті ақындар мен прозаиктер поэзия кешін өткізді.
     Әрбір қазақстандық үшін маңызды мерекенің қарсаңында – Мемлекеттік рәміздер күніне аудандық кітапханада "Самғау" әдеби клубының құрамына кіретін жергілікті ақындар, туған жер туралы өз тақпақтармен жітіқаралықтарды қуантты.
     Қазақстан туралы барлық сүйікті және танымал әндер орындалды. Іс - шараға  ауданның құрметті азаматы Мария Ивановна Калинина қатысты, ол өз әсерімен бөлісіп, өткізілген шаралар туралы және өңірдегі әдеби шығармашылықтың  маңыздылығын атап өтті. Соңында Мария Ивановна өздерінің сүйікті өлеңдерін оқыды.

25 мамыр
     Күні аудандық орталық кітапханада  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қарсаңында  «Қазақстан Республикасының рәміздері. Тәуелсіздік рәміздері» «Государственные символы Республики Казахстан. Символы независимости» атты кітаптың тұсау кесері өтті.
Іс - шараның мақсаты:оқушыларға Қазақстан Республикасының рәміздері туралы білімін тереңдету, Қазақстанның өткен тарихына және салт-дәстүріне, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен  ұқыпты  және өз Отанына патриоттық сезімін және  сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
     Іс – шараға Жітіқара политехникалық колледж  МРТ-16 тобының студенттері қатысты. Балалар біздің еліміздің мемлекеттік рәміздердің тарихымен және олардың авторларымен танысты.
Іс-шара барысында слайдтар, бейнематериалдар  көрсетілді.

22 мамыр
     Жітіқара аудандық орталық кітапхананың оқу залында «Өмір жыршысының нышандары» көрме-инсталляция  рәсімделді, біздің еліміздің  толық сипаттама альбомдар ұсынылған.
     Көрме қала мектептерінің жоғарғы сынып және Жітіқара политехникалық колледжі оқушылары бағдарланған.
     Қазақстан Республикасының  мемлекеттік рәміздердің тарихымен, Қазақстан тәуелсіз мерзімді басылымдар және кітап материалдар таныстырады.
Әдебиеттерде авторлардың  Мемлекеттік рәміздер туралы мәліметтер, олардың Туы мен Елтаңбасының эскиздар  жұмысы туралы естеліктері және "Менің Қазақстаным" барлық халыққа сүйікті әні еліміздің Әнұраны болғаны туралы ұсынылған.

     Патриотизм тақырыбы – біздің еліміз үшін қазір күйдіретін тақырып. Отанды сүюге мәжбүр етуге болмайды. Махаббатты тәрбиелеу қажет.Бір өзекті патриоттық тәрбиелеунің тақырыбы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне байланысты. Аудандық балалар кітапханасында « Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» атты ауызша журнал өтті.
     Ауызша журналдың бірінші беті мемлекеттік әнұранымен ашылды. Оқушылар әнұран шығу ақпаратпен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік  әнұран тарихымен танысты.
     Ауызша журналдың екінші беті мемлекеттік туына арналды. Оқушылар ту туралы тақпақтарды айтты, әрі кітапханашы  «ту» сөзбен оқушыларды таныстырды.
     Ауызша журналдың үшінші  беті ашып, мемлекеттік тілде елтаңбаның сипаттамасын берді,  әрбір элементерін және елтаңбаның авторларын атады.
Оқушылар алған ақпаратты бекіту үшін викторина сұрақтарына жауап берді.

7 мамыр
Мы вспомним в строчке стихотворной…
     Өткен жексенбі  күні «Самғау» әдеби клубы  Жеңіс Күніне арналған әскери лирика кешін өткізді.
     Авторлар өз шығармалары мен атақты авторлар өлеңдерін оқиды.Кешті ақын және публицист Любовь Шерешева бастады, ол соғысты өткен адамдарға өз туындысыларын арнады.
Кейінірек Любовь Васильевна өз ән-өлеңдерін аккапельно орындады. Олег Фогель, Алексей Ковалев ақындар өздерінің шығармашылығымен бөлісті, Николай Антонов әдеби клубының мүшесі прозалық миниатюраны сыйлады. Жас ақын Андрей Хоменко Константин Симоновтың «Жди меня, и я вернусь» атақты өлеңін оқиды. Осы өлеңге ақын және әнші Светлана Бондаренко  романс  айтты, кейінірек өз өлеңін оқиды. Сонымен қатар Светлана қонақтар, қатысушылар мен бірге «Любимый, если б не было войны…» әсерлі романс орындады.
Соғыста  жауынгерлердің рухын ән көтерді... Біздің кеште бірнеше музыкалық нөмірлер рухын көтерді.  Надежда Орынбекова тыңдаушыларға « Огонек» және «Пора в путь дорогу» әскери әндер сыйлады.
Әдеби клубының жас авторлары Хоменко Андрей мен Андрей Судаков гитарамен әндерді орындады.
Әдеби студиясы өлең және проза жазатындарды біздің қатарларға шақырады. Біз жиналыс, сабақтар мен әр түрлі іс-шаралар жүргіземіз, жазатын адамдар өздерін және өз шығармашылығын көрсетеді.

5 мамыр
     Күні аудандық балалар кітапхананың оқу залында  Жеңіс күніне арналған  «Ұлы соғыс – Ұлы Жеңіс» әдеби – музыкалық композиция өтті.
     Іс – шараға  №10 орта мектебінің 7 сынып оқушылары шақырылды. Қатысушылар Ұлы Отан соғысында болған қазақстандықтардың ерліктерімен танысты. Іс – шара барысында  «Мәншүк туралы жыр» бейнеролик пен  театрланған сахналау ұсынылды.
     Метроном әуенімен қатысушылар бір минут үнсіздікпен қаза болғандардың ерлігіне бас иікті. Балалар «Батырдың портреті» байқауға қатысты, соғыс туралы өлеңдерді оқиды. Балалар Ұлы Отан соғысында болған туыстары туралы айтты.
      Іс – шара «Жеңіс тойы, жаса мәңгі» әдеби көрініспен аяқталды.

Просмотров: 543 | Добавил: warlock | Рейтинг: 0.0/0
Поиск
Календарь
«  Май 2017  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Архив записей

Copyright MyCorp © 2025
Сделать бесплатный сайт с uCoz