«Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жітіқара аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
25 қазанында Республика күні мерекесі аясында аудандық кітапхана тарихи-өлкетану мұражайымен бірлесіп «Қазақстан – Менің Республикаларым» = «Моя Республика – КАЗАХСТАН!» фотокөрмесін дайындап, аудандық мәдениет сарайында мерекелік іс-шара барысында қала тұрғындары мен әскери қызметкерлерге арналған концертте таныстырылды.
Көрмеге Қазақстан қалаларының фотосуреттері, кітап басылымдарынан алынған иллюстрациялар, облыстық көркемсурет галереясынан, Балалар көркемсурет мектебінен және Балалар шығармашылық мектебінен алынған суреттер қойылды. Мәдениет басқармасының бастамасымен өткен шараға 200-ден астам адам қатысты.