Четверг, 03.07.2025, 22:32
Приветствую Вас Гость | RSS

«Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Жітіқара аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 11
Гостей: 11
Пользователей: 0
Форма входа

Главная » 2018 » Октябрь » 02

 

26 қазан
     Аудандық Орталық кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ұлы Отан соғысының ардагері Қасымхан Алдабергеновтың «Туған жерге тағзым» атты шығармашылық кеші өтті.
     Қасымхан Алдабергенов 1925 жылы Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Талдыкөл ауылында туған. Әскер қатарына Жетығара АӘК шақырылды. Қызмет жылдары:1943-1950 жж. 2-ші, 3-ші Украин соғыс құрамының қатысушысы болды. Әскери атағы- ұлан старшинасы. Білімі – жоғары. Демобилизациядан кейін «Қостанай таңы» газетінде мұғалім, журналист болып жұмыс істеді.     2-ші ст. Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін» медальдарымен, мерейтойлық ордендерімен марапатталған.
     Қасымхан ағай соғыс жылдары туралы, ардагер-достары туралы, Естай Есжанов туралы естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ, «Думанды дәурен» атты екі томдық кітаптың тұсауы кесілгені туралы айтып өтті.

... Читать дальше »

Просмотров: 382 | Добавил: warlock | Дата: 02.10.2018

Аймақтық-оңалту орталығында «Күз жылы өмір болсын» күзгі отырыстар.
     Қазақстанда қазан айының екінші жексенбісінде атап өтілетін Мүгедектер күні қарсаңында Жітіқара аудандық кітапханасының қызметкерлері В. Тулубаева, Т. Турабаева және Р. Яковлева денсаулық мүмкіндіктері шектеулі адамдарды әлеуметтік қолдау шеңберінде аймақтық-оңалту орталығында «Күз жылы өмір болсын» күзгі отырыстарын өткізді. Пациенттер әзіл-сықақ лотереяға қатысты, олар үшін жұмбақтар жасалды, «Әуенді тап» конкурсы, «Ертегілер жолдарымен» викторинасы өткізілді.
     Ойын-сауық іс-шарасының нағыз әшекейі біздің қаламыздың көркемөнерпаз әртістері болды. Мәлік Тулубаев, Жанна Утеулина, Юрий Яковлев және баянист Николай Быченко АОО пациенттерінің сүйікті әуендерін орындады.
     «Күзгі соната»атты жылжымалы әдеби шолу дайындалды. Іс-шара жылы және достық атмосферада өтті, ал осы күні көрмеде ұсынылған кітаптар мен мерзімді басылымдар АОО пациенттеріне сұранысқа ие болды.

Просмотров: 373 | Добавил: warlock | Дата: 02.10.2018

Поиск
Календарь
«  Октябрь 2018  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Архив записей

Copyright MyCorp © 2025
Сделать бесплатный сайт с uCoz