Четверг, 03.07.2025, 22:34
Приветствую Вас Гость | RSS

«Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Жітіқара аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 12
Гостей: 12
Пользователей: 0
Форма входа

Главная » 2025 » Июнь » 3 » Жаналықтар
11:56
Жаналықтар

 

30 мамырда
     Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандар мен өңірлік оңалту орталығының келушілері үшін іс-шара өтті.

 

30 мамырда
     Аудандық кітапханада Өңірлік оңалту орталығының келушілері үшін үстел ойындары күні ұйымдастырылды. Бұл күні барлық қалаушылар өз бос уақыттарын көңілді әрі қызықты өткізе алды. Кітапханада үстел ойындарының алуан түрі ұсынылған, олардың қатарында дәстүрлі ойындар — «Шашки», «Шахмат», «Домино», сондай-ақ заманауи ойындар — «Мафия», «Кіммін мен?» бар. Кітапхана қызметкері үстел ойындарының тарихы туралы айтып берді. Іс-шара қонақтары ойындарға үлкен қызығушылықпен қатысты. Тәжірибелі ойыншылар алғаш рет ойнап көргендерге үйретіп көмектесті. Ойындарға қатысқан барлық жандар көтеріңкі көңіл күйге бөленді.

 

27 мамырда
     Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай жастар үшін тарих сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, ұлттық батырларды еске алу болды. Іс-шара барысында кітапханашы саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған жазушылар мен ақындар, саяси қуғын-сүргіннің жазықсыз құрбандары, "Гулаг", "Карлаг", "Степлаг", "Алжир" лагерлері және алашордашылар қозғалысы туралы әңгімеледі. Кітап көрмесі мен бейне сюжеттердің көрсетілімі ұйымдастырылды.

26 мамырда 
     Аудандық кітапхананың қызметкерлері оңалту орталығының келушілеріне арналған қазақ композиторы Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына арналған іс-шара өткізді. Шара барысында ол туралы деректі фильм көрсетіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара қонақтары оның шығармашылығымен танысып, «Вальс королінің» танымалы әндерін орындады.

26 мамыра
     Ұлы Абайдың туғанына 180 жыл толуын мерекелеу аясында аудандық кітапхана поэзия сағатын өткізді, оған ЖПК студенттері қатысты.
Кітапханашы жазушының өмірі мен шығармашылығымен және оның қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесі туралы таныстырды.

15 мамыра
     Отбасы, махаббат және адалдық күні  Тоқтаров ауылындағы кітапханада балаларға арналған «Менің сүйікті отбасым» ойын бағдарламасы өткізілді. Балалар «Орыс халық ертегілері бойынша отбасы туралы» викторинасына, «Фразаны аяқтау» байқауына қатысып, жұмбақтарды анықтады, отбасылық қарым-қатынас туралы әңгімеледі. Балалар отбасындағы мақал-мәтелдер мен өлеңдерді еске алды. Мерекеге «Махаббат пен адалдық – отбасының екі қанаты» атты кітап көрмесі әзірленді, онда мереке туралы, отбасының рөлі туралы, отбасылық қарым-қатынас құру және балаларды тәрбиелеу туралы кітаптар ұсынылды.

 

14 мамыра
     Халықаралық отбасы күнін мерекелеу аясында аудандық кітапхана мен тілдерді оқыту орталығы «Отбасы өмір айнасы» ашық микрофонын өткізді, оған «Аманат» партиясының жетекшісі З.С. Урманова, Жітіқара ауданының аналар кеңесінің төрайымы З.А. Әлмұхамедова, Жітіқара ауданының құрметті азаматы Ж.Б.Жандырова, мәдениет қызметкерлері, көп балалы аналар қатысты. Іс-шараға қатысушылар Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

Просмотров: 5 | Добавил: warlock | Рейтинг: 0.0/0
Поиск
Календарь
«  Июнь 2025  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
Архив записей

Copyright MyCorp © 2025
Сделать бесплатный сайт с uCoz