«Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жітіқара аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
8 ақпан Аудандық кітапхана қызметкерлері Абай атындағы мектеп-гимназия оқушыларымен "Таза Қазақстан" атты акциясын ұйымдастырды. Акция барысында оқушыларға Президент Қ. Тоқаевтың халыққа жолдауындағы Қазақстанның бірегей флорасы мен фаунасын сақтау қажеттілігі туралы баяндалып, түсіндірілді. Экологиялық акцияның мақсаты мен міндеттері аталып өтті. Сонымен қатар оқушылармен қызықты викториналар мен ойындар өткізілді.
6 ақпан Айында аудандық кітапхана мен тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Мұса Шожанов атындағы №2 орта мектебінде «Қостанай облысының қасиетті нысандары» атты көрме ұйымдастырды. Аталмыш көрмеге 8, 9, 10 сынып оқушылары қатысты.
Көрмеде аудандық кітапхана қорынан тақырыптық кітаптар оқушылар назарына ұсынылды. «Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі» КММ қорынан алынған көрмеде Қостанай облысының жалпыұлттық маңызы бар 10 нысан және 19 ескерткіш пен тарихи орын өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар жайындағы экспонаттар бойынша экскурсия жүргізілді.
Көрме мектеп қабырғасында бір апта бойы жұмыс жасайды.