
24 қыркүйек
Жітіқара аудандық кітапханасында «Кітапханадағы инновациялар – шығармашылдық идеялар жәрменкесі» = «Инновации в библиотеке – ярмарка творческих идей»атты семинар-практикум өтті.
Семинарды «Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ж.Әлмұхамедова құттықтау сөзімен ашып, «Президент жолдауы. Әрекет ету ақпараты» = «Послание Президента. Информация к действию», сонымен қатар кітапхана этикасы тақырыбына тоқталды.
Семинарды орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Ә.А.Жұмағұлова 2025 жылға арналған жұмыстарды белгілеп, этика туралы әңгімені де қолдап, жалғастырды. Семинарға Тілдерді оқыту орталығының директоры Т.Ж.Медетбаева шақырылды.
Тынышкүл Жұбатханқызы жастармен жұмыс жасау тәжірибесімен бөлісті, сонымен қатар Тілдерді оқыту орталығында қандай инновациялық формалар қолданылатынын айтты. Орталықтың қазақ тілі мұғалімі А.С.Мнайдарова «Қазақ халқының ұлттық ойындары» инновациялық ойыны бойынша шеберлік сабағын өткізді.
Аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Б.К.Тутина «Кітапханада қолданылатын инновациялық ойын және басқа жұмыс түрлерінің жіктелуі» = «Классификация инновационных игровых и других форм работы, применяемых в библиотеке» атты баяндама жасап, балалармен жұмыс жасаудағы инновациялардағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Одан кейін «Мен кітап туралы бәрін білемін» атты кітапханалық-библиографиялық ойын ұйымдастырылып, оған орталық кітапхана қызметкерлері қатысты.
Әр баяндамашы слайд-презентация дайындады.
Семинарға қатысушылар тың идеялар, пайдалы ақпараттар алып, білімдерін кеңейтті.

4 Қыркүйек
Жітіқара қаласының 85 жылдығын тойлау, сонымен қатар тілдер күні мен Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай аудандық кітапхана Тілдерді оқыту орталығы мен Мұса Шожанов атындағы мектебімен бірлесіп «Ұлт ұстазы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шара барысында Ахмет Байтұрсынұлы туралы қызықты деректер баяндалып, викторина және сайыс өткізілді. Сонымен қатар тілдер күніне арналған кітап көрмесі ұсынылды. Оқушылар өз білімдерін сынап, ұлт ұстазы жайында қызықты мағлұмат алып, марапаттауларға ие болды. |