
29 тамыз
Күні аудандық кітапханада Конституция күнін мерекелеу аясында «Уақыт Призмасы арқылы Қазақстан Конституциясы » атты патриоттық сағат өтті. Қазақстанның Әнұраны шырқалғаннан кейін жиналғандарға еліміздің басты заңы туралы айтылып, кейбір баптармен таныстырылды.
Жүргізушілер ҚР Конституциясының негізгі тарауларын, Қазақстан Республикасының Заңдарын және Отанымыздың тарихы бойынша интеллектуалды викторина өткізді. Викторина қызықты және танымдық болды.
Қонақтардың назарына кітап көрмесі ұсынылып, онда қазақ мемлекетінің құрылуы туралы кітаптар мен мерзімді басылымдар, қазіргі Қазақстан туралы кітаптар және Қазақстан Республикасы Конституциясының мәтіні ұсынылды. Шара соңында бейнефильм көрсетілді.

05 тамызында
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 8 сәуірде Республика бойынша ауқымды «ТазаҚазақстан» акциясы басталды. «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» ұғымын бойына сіңірген отансүйгіштік пен табиғатты құрметтеуге бағытталған шара аясында аудандық кітапхана тілдерді оқыту орталығымен бірлесіп №39 мекемеде сотталғандарға «Тазалық денсаулық кепілі» экологиялық сағатын өткізді.
Іс-шараның мақсаты – табиғатты аялау құндылықтарын дамыту, жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетке тәрбиелеу.
Шара барысында табиғат пен экология туралы бейнеролик көрсетіліп, осы тақырыпта кітап көрмесі ұсынылып, одан кейін «Экологиялық өмір сүру» викторинасына қатысты.
Шараның екінші бөлімінде сотталғандар туған өлке, шағын Отанға деген сүйіспеншілік туралы эссе жазып, байқауға қатысты. Шара соңында байқау мен викторина жеңімпаздарына алғыс хаттар табыс етілді.
|