
8 мамыр
Жітіқара қаласындағы 6697 әскери бөлімінің Екінші жеке атқыштар ротасының әскери қызметшілері мен сарбаздарға Жеңіс күні қарсаңында аудандық кітапхана тарихи-өлкетану мұражайымен бірлесіп «Тыл батыры. Жерлесіміз Алтай Тулубаев» жайлы патриоттық сағат өткізді.
Жүргізушілер әскери қызметшілерге жерлесіміздің өмірі мен ерлігі туралы айтып берді. А.Қ.Тулубаевтың туыстары мен достары туралы естеліктер жазылған бейнеролик көрсетілді.
А.Қ.Тулубаев отбасының жеке мұрағатынан алынған фотосуреттер, медальдар мен құжаттары қойылған көрме көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

7 мамыр
«Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ мен ҚР Министрлігінің Қылмыстық іздестіру басқармасының «Мекеме №39» РММ арасында мәдени іс-шараларды өткізуге жәрдемдесу туралы меморандум аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, аудандық кітапхана тарихи-өлкетану мұражайымен бірлесіп «Аңыздағы қыз» ерлік сабағын өткізді.
Жүргізушілер іс-шараға қатысушыларды Әлия Молдағұлова туралы ғана емес, Ұлы Отан соғысындағы Қазақстан Батырлары туралы кітаптар қойылған аттас кітап көрмесімен таныстырып, батыр қыздың өмірі мен ерлігіне тоқталды.
Шара барысында қаһарман қыздың өмір жолы мен майдан даласында жасаған ерлігін бейнелейтін көркем-деректі фильм көрсетілді.

6 мамыр
Отан қорғаушылар күніне арналған патриоттық «Отаным, дақты ұлдарынды мақтан тұт!» тақырыпта викторина өткізілді, оған Жітіқара қаласындағы Екінші жеке атқыштар ротасының 6697 әскери бөлімінің әскери қызметшілері мен сарбаздары қатысты.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. Қазақстан армиясы туралы фильм дайындалды. Кездесудің өзі еркін микрофон түрінде ұйымдастырылды. Жігіттер әскерде қызмет ету, әскери мамандық таңдау үшін қандай адами қасиеттер қажет және қандай себеппен Отан қорғаушы мамандығын таңдағандары туралы командирлеріне сұрақтар қойды.
Жүргізушілер туған жеріміздің өткеніне тарихи экскурсия жасап, Ұлы Отан соғысы майдандарында ерлік пен қаһармандық көрсеткен, одан кейін Отанымызға адал қызмет етіп, әскери қызметтің барлық ауыртпалығын табандылықпен көтерген Қазақстанның даңқты ұлдары туралы әңгімеледі.
Кітап көрмесі көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Ұсынылған кітаптардан іс-шара қонақтары әскери істердің тарихы, Қазақстанның әскери құрамаларының Ұлы Отан соғысы майдандарына қатысуы, Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылуы, сондай-ақ Қарулы Күштердің жалпы әскери жарғылары, әскери заңнама негіздері, әскери-тарихи патриоттық тақырыпқа қызығушылық танытушыларға арналған анықтамалықтар.
Викторинаға белсенді қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.
Аудандық кітапхана тілдерді оқыту орталығымен бірлесе отырып дайындаған іс-шара жылы және достық атмосферада өтті. |