Четверг, 03.07.2025, 19:49
Приветствую Вас Гость | RSS

«Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Жітіқара аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа

Главная » 2024 » Март » 5 » Жаналықтар
10:58
Жаналықтар

 

27 наурызда
     Адам саудасы ауыр қылмыс және адам құқығын өрескел бұзу болып табылады. Жыл сайын мыңдаған ерлер, әйелдер мен балалар ел ішінде де, шетелде де саудагерлердің қолына түседі. Дүние жүзіндегі кез келген ел, мейлі ол шыққан елі, транзиттік немесе межелі ел болсын, адам саудасынан зардап шегеді.
     Адам саудасына қарсы күрес саласындағы құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында аудандық кітапхана қызметкерлері «Адам саудасын тоқтат!» атты профилактикалық әңгіме ұйымдастырды.
     Шара аясында құқықтық тақырыпта ақпараттық құжаттар көрмесі ұйымдастырылып, шетелге шығуды жоспарлап отырғандарға ұсынымдар беріліп, «Қанау, зорлық-зомбылық құрбаны болмау және құлдыққа түспеу жолдары»жадынамалар таратылды. Әңгімеге Қылмыстық мекеменің қызметкерлері қатысты. 

 

26 наурызда
     «Шеберлік пен сапа – табысқа апарар жол» семинары ұйымдастырылды. Медиа сауаттылыққа оқыту аясындағы интерактивті ойындар сайысының қорытындысы шығарылды.
     Пригородное ауылының кітапханашысы «Жастармен жұмыс: түрлері, әдістері, бағыттары» атты баяндама жасап, өскелең ұрпақпен жұмысында қандай негізгі бағыттарды қолданатынын айтты.
     «Құштарлықпен оқу: ашық аспан астындағы форматта іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» Чайковское ауылының кітапханашысы өз кітапханасының жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, оны насихаттау бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады.  
     Забеловка ауылының кітапханашысы «Кітапханадағы патриоттық тәрбие: әртүрлі формалар мен бағыттар» тақырыбында қызықты презентация дайындады. Семинар қызықты және нәтижелі өтті.

 

5 наурыз
     Аудандық кітапхана қызметкерлері «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында балалар жазушысы Б.Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай № 4 жалпы білім беретін  мектептің  жоғары сынып оқушылары арасында «Бердібек Соқпақбаев  Әдеби палитрасы» атты викторина ұйымдастырды. 
Шараның мақсаты: балаларды балалар жазушысы Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, жазушының шығармаларына деген сүйіспеншілік пен қызығушылыққа тәрбиелеу.
     Шара барысында қатысушылар  жазушының өмірі мен шығармашылығымен және оның шығармаларымен танысып, Б.Соқпақбаев шығармашылығы туралы білімдерін көрсетті, жазушы шығармалары бойынша викториналық сұрақтарға жауап берді.

 

4 наурыз
     Күні  аудандық кітапхана қызметкерлері №4 жалпы білім беретін  мектептің жоғары сынып оқушыларына арналған ақын, Қазақстан Республикасының  халық жазушысы Ф.Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толуына орай «Фариза Оңғарсынованың поэтикалық әлемі» атты жыр кешін өткізді. Шара жүргізушілері жиналғандарды ақынның өмірімен, ерекше талантымен таныстырды.
     Шара қонақтары үшін «Өлең, мен сені аялап өтем» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, Фариза Оғарсынованың өмірі мен шығармашылығын қамтитын кітаптар, ақынның шығармалар жинағы, таңдамалы туындылары қойылды.

Просмотров: 125 | Добавил: warlock | Рейтинг: 0.0/0
Поиск
Календарь
«  Март 2024  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Архив записей

Copyright MyCorp © 2025
Сделать бесплатный сайт с uCoz