Четверг, 03.07.2025, 20:17
Приветствую Вас Гость | RSS

«Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Жітіқара аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа

Главная » 2023 » Август » 10 » Жаналықтар
17:12
Жаналықтар

10 тамызында
     Ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбаевтың туған күнін мерекелеу аясында мәдениет қызметкерлері: аудандық кітапхана мен аудандық мәдениет сарайы қала тұрғындары мен қонақтарына арнап Абай жолы аллеясында, «Абай-дана, Абай-дара қазақта» атты әдеби кеш өткізді. Онда  «Самғау» әдеби клубы, қала жастары, мәдениет қызметкерлері, №6697 әскери бөлімінің әскери қызметшілері және Ұлы Абай талантының жай ғана табынушылары қатысты.
Мерекелік іс- шараға Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары Қасенов Сәлім Нұрланұлы және Жітіқара ауданының құрметті азаматшасы А.Т.Щедухина қатысты.
     Іс-шара қызықты және танымдық болды... музыкалық нөмірлер, шығармалардан үзінділер мен викторина, жергілікті ақындар өз шығармаларынан Абайды еске алуға арналған шығармаларды оқу...
Абаев оқулары көтеріңкі көңіл күйде өтті, оған 11 адам қатысты.
Тарихи-өлкетану мұражайы аудандық кітапханамен бірлесе отырып, кең көлемде кітап-пәндік көрме ұйымдастырып, көпшілік назарына ұсынды. Көрме жітіқаралықтардың үлкен қызығушылығын тудырды.
Кеш соңында мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ж.А. Әлмұхамедова іс-шараның барлық қатысушыларына тәттілер мен естелік сыйлықтар табыс етті және іс-шараны барлық қатысушыларға үндеумен аяқтады:
– Абай шығармалары жас ұрпақты халқына адал қызмет етуге баулиды, олардың ағартушылыққа, білімге, ұлттардың дамуына мәдениет арқылы қолдау көрсетеді. Олар қашанда өзекті, Абайды оқып, одан жоғары мәдениетті үйреніп, Сөз иесінің бізге берген ізгілік, адамгершілік тағылымдарын ұмытпауды.
     Іс – шараның жоғарғы дәрежеде өтуіне Жітіқара аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйытқы болды.

08 тамызында
     Ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбаевтың туған күнін мерекелеу аясында  аудандық кітапхана тілдерді оқыту орталығымен бірлесіп «Ұлы Абай мұрасы» = «Наследие Великого Абая»  атты Абай оқуларын өткізді.
Шараға  №6697 әскери бөлімінің  2 атқыштар ротасының әскери қызметшілері қатысты. Іс-шараның мақсаты: қазақ әдебиетінің озық шығармаларының дәстүрлері бойынша адамгершілік-патриоттық тәрбие беру, Абай Құнанбаев мұрасын насихаттау, Отан қорғаушыларды Абай шығармаларымен таныстыру, елжандылық идеясын насихаттау. Өлең сайысына 10 адам қатысты.
     Еркінұлы Ернұр жеңімпаз атанды. Тілдерді дамыту орталығы үздік оқырманды Дипломмен марапаттады. Барлық қатысушылар  аудандық  кітапхананың Алғыс хаттарымен марапатталды.
Ұсынылған кеңейтілген кітап көрмесі әскери қызметшілердің үлкен қызығушылығын тудырды. Ұлы Абайдың қара сөздері, өлеңдері мен әндері шырқалды. Әскерилер белсене қатысып, жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы тамаша білімдерін көрсеткен викторина ұйымдастырылды.
     Аудандық кітапхана мен Тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері шараға қатысушыларға кітаптар мен тәтті сыйлық – торт тарту етті.
Соңында «Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ж.А.Әлмұхамедова № 6697 әскери бөліміне жылдар бойы іс-шараға белсене қатысқаны және бірлесе қызмет атқарғаны үшін алғыс хат табыс етті.
Іс-шара достық атмосферада өтті.

07 тамызында
     «Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ мен «№39 мекемесі» РММ ҚР ІІМ ТЖК, арасындағы мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге жәрдемдесу меморандумы аясында, сондай-ақ Жітіқара ауданының 95 жылдығына орай кітапхана қызметкерлері «Бәрі сенде, аяулы өлке» атты өлкетану сағатын өткізді.
Жүргізушілер Жітіқара ауданының құрылу тарихын, оның тарихын, Жітіқар аңызын, өңір мақтанышына айналған атақты жерлестер туралы әңгімеледі.
     Шара соңында «Жітіқара ауданы: уақыт, оқиғалар, тағдырлар» атты кітап көрмесімен таныстырылып, аудан мен қаланың пайда болуы туралы мәліметтерді қамтитын, өткен жылдар тарихы мен бүгінін паш ететін кітаптар ұсынылды.

03 тамызында  
     Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ мен   «№39 мекемесі» РММ ҚР ІІМ ТЖК арасындағы мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізу меморандумы аясында  сондай-ақ Қазақстандағы Абай күніне орай аудандық кітапхана қызметкерлері «Абайдың ата өлмейді» атты әдеби-сазды қонақ бөлмесін өткізді.
     Мақсаты: Абай поэзиясымен таныстыру, Ұлы Ағартушы шығармашылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Шараға қатысушылар қазақ халқының даңқты перзенті шығармашылығының інжу-маржанына айналған «Өлең сөздерін» оқып, Абайдың өлеңнен домбыраның сүйемелдеуімен таңдаулы шығармалары тыңдалды.
«Барлық даналық кітапта» атты кітап көрмесінде Абай Құнанбаевтың шығармалары, оның өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер, ақын шығармашылығын зерттеушілердің еңбектері таныстырылды.
     Шара соңында сотталғандарға «Абай» фильмі көрсетіліп, одан кейін кітапханашылар дәстүрлі «Сыйға кітаптар»/ «Книги в дар»  атты қайырымдылық акциясын өткізді. Нәтижесінде «№39 мекемесі» РМУ-ға қазақ және орыс тілдеріндегі 40 кітап басылымы сыйға берілді.

01 тамызында  
     Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен  Жітіқара  ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, облыстық өлкетану мұражайы,аудандық кітапхана, Аудандық мәдениет сарайы бірлесіп, Жітіқара ауданының 95 жылдық мерейтойы және қала күніне арналған  «Құттық TIMES, Жітіқара!» атты мерекелік іс шараны  6 шағын аудан тұрғындарынан бастау алды. Қала қонақтары мен тұрғындарына ауданымыз бен қала жайлы қызықты ақпараттар ұсынылды. Викториналық сұрақтар мен ұлттық ойындарға қатысып тәтті сыйлықтармен марапатталды. Шара соңында.
  Аудандық Мәдениет сарайы шағын концерттік бағдарламасымен тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

 

 

01 тамызында
     Жітіқара ауданының 95 жылдығы мен Приречное ауылының 80 жылдығын мерекелеу аясында Жітіқара аудандық кітапханасы ауыл тұрғындары мен қонақтарына «Ауыл – адамзаттың алтын бесігі» атты конференция өткізді.
     Аудандық  кітапхана мен тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен конференция ұйымдастырушылары іс-шара басталар алдында ұсынған пәндік көрмеге ерекше назар аударылды. Бұл Жітіқара ауданы туралы өлкетану және тарихи материалдармен таныстыратын кітап басылымдары мен жәдігерлер қойылды.
Қостанай облысы әкімдігінің «Жітіқара аудандық мемлекеттік мұрағаты» КММ Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету және мұрағат басқармасының басшысы Г.К. Жапарова  қызықты баяндама жасады.
Гүлнар Қажымқызы ауылдың тарихы, қалыптасу, даму жолдары туралы әңгімеледі. Ол Приречное ауылының қандай ұзақ та таңғажайып тарихы бар екенін тағы бір мәрте еске салып, ең бастысы біздің Жітіқара жерінде еңбек етіп жатқан, өмірі шағын Отанымен байланысты адамдар екенін атап өтті.
     Жітіқара аудандық кітапханасы туған жерді сақтап, жадында қалдыру мақсатында «Рухани қазына» кіші бағдарламасының «Туған жер-туған ел» базалық бағытының «Мәдени даму» жобасы аясында «Ауыл шежіресі» өлкетану жобасын әзірледі.
Приречное ауылының кітапханашысы Л.Б. Соковикова жыл сайын электронды форматта жаңартылатын «Приречное ауылының энциклопедиясының» баспа нұсқасын ұсынды.
Кешегі күн болмаса, ертең де болмайды. Ал болашақ біздің балаларымыз. Халық даналығы: «Ауылда мектеп бар болса, ауыл өмір сүреді» дейді. Мектептің қалыптасу тарихы туралы Приречное ауылының мектеп кітапханашысы Т.Я. Дикман айтып өтті.
«Приречное-Агро» ЖШС директоры М.Р. Айткужинов шара қонақтарына құттықтау сөз сөйлеп, жиналғандармен «Приречное-Агро» ЖШС-нің жоспарларымен бөліссе, Мұрат Рашидұлы Приреченск жерінде ұзақ жылдар бойы еңбек еткен және жалғастырып жатқан баршаға алғысын білдірді.
Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары З.С. Урманова конференцияны қорытындылады.
Зульфия Сапарғалиқызы қызықты баяндамалары үшін конференцияда сөз алған барша баяндамашыларға алғысын білдіріп, ауыл тұрғындарының еңбегі мен ауылға деген адалдығына ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, «Приречное-Агро» ЖШС директоры М.Р. Айткужинов пен Приречное ауылының әкімі С.И. Ходзинский тамаша датамен – ауылдың 80 жылдығы мен  ауданымыздың 95 жылдығымен құттықтады.
– Ауылдың қалыптасуы мен дамуына күш-қуатын, денсаулығын, жан дүниесінің бір бөлігін салған әрбір адам үшін бұл күн ерекше.
Сондай-ақ, «Приречное-Агро» ЖШС директоры М.Р. Айткужинов пен Приречное ауылының әкімі С.И. Ходзинскийді тамаша датамен – ауылдың 80 жылдығы мен ауданымыздың 95 жылдығымен құттықтады.
– Ауылдың қалыптасуы мен дамуына күш-қуатын, денсаулығын, жан дүниесінің бір бөлігін салған әрбір адам үшін бұл күн ерекше. Бұл жер әрқайсымыз үшін ең қымбат және сүйікті болып, жыл сайын дамып, гүлдене берсін және мұндағылардың барлығы бақытты және табысты болсын.
     Ауылдың мерейтойына арналған конференция – ең алдымен, осында тұрып жатқан халыққа деген құрмет, өткенді еске алу, болашаққа деген үміт.

01 тамызында
     Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен  Жітіқара  ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, облыстық өлкетану мұражайы,аудандық кітапхана, Аудандық мәдениет сарайы бірлесіп, Жітіқара ауданының 95 жылдық мерейтойы және қала күніне арналған  «Құттық TIMES, Жітіқара!» атты мерекелік іс шараны  2 шағын аудан тұрғындарынан бастау алды. Қала қонақтары мен тұрғындарына ауданымыз бен қала жайлы қызықты ақпараттар ұсынылды. Викториналық сұрақтар мен ұлттық ойындарға қатысып тәтті сыйлықтармен марапатталды. Шара соңында Аудандық Мәдениет сарайы шағын концерттік бағдарламасымен тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Просмотров: 117 | Добавил: warlock | Рейтинг: 0.0/0
Поиск
Календарь
«  Август 2023  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
Архив записей

Copyright MyCorp © 2025
Сделать бесплатный сайт с uCoz