«Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жітіқара аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
8 маусым Күні аудандық кітапхананың оқу залында «Кітапхананың-библиографиялық классификациясы» тақырыбында семинар-тренинг өтті. АОКЖ директоры А.А.Жұмағұлова өз сөзінде кітапхананың жаңа мамандары үшін КБК-ның ерекше маңыздылығын атап өтті. Құжаттарды алу және өңдеу бөлімінің қызметкері жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында «КБК қысқартылған кестелері: ұйымдастыру және пайдалану технологиясы» атты шеберлік сабағын өткізіп, құжаттарды жүйелеу бойынша әдістемелік ұсыныстар берді.