«Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жітіқара аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
26 тамызда Аудандық кітапхананың оқу залында кітапхана кітапханашылары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Туған жер» жобасы аясында, өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өрнегі мол жырларын насихаттау мақсатында. Жерлес ақын ағамыз Сұлтан Жаманшаұлының «Ақын- елдің ардағы» атты әдеби кешін өткізді.
Әдеби кешке Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысы Әлмұхамедова Жаңылдық Алтайқызы, Ардагерлер кеңесі, Жітіқара ауданының «Авангард» газетінің бас редакторы Мұрат Қанапияұлы Қайыпжанов, зейнеткер ұстаз Әлмұхамед Наурызбай Ғалымұлы, Жітіқара орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашылары мен қала мектептерінің кітапханашылары, мектеп оқушылары қатысты.
Кеш барысында кеш қонақтары ел ақсақалының, ақындық жолы жайында оның өмірі қаламгерлік шеберлігі, қоғамдағы орны жайында ақпарат алды. Кеште ақынның өлеңдері оқылып, күй тартылып, әндер орындалды. Сондай-ақ, осы әдеби кеште Сармузин Сұлтан Жаманшаұлының «Көңіл толқыны» кітабының тұсаукесері болды.
Оқырмандарға жол тартқан жаңа кітаптың лентасын Естай Есжанов атындағы № 9 орта мектептің 11 сынып оқушысы жас ақын Ізтілеуова Әйгерім Талғатқызы кесті. Кеш соныңда ақын ағамыз Сұлтан Жаманшаұлы жиналған қауымға алғысын айтып, жүрекжарды жылы лебізін білдірді.
8 тамызда Абай күнін мерекелеу аясында аудандық кітапхана әскери қызметкерлерге ареап "Абай ойының ұлылығы" атты кітап көрмесін ұйымдастырып,жас Отан қорғаушыларды Абай Құнанбаевтың шығармаларымен, оның өмірі мен қызметі туралы әдебиеттермен таныстырды. "Абай әлемі" атты кітап сериясында жарық көрген ақынның шығармашылығын зерттеушілердің еңбектері ЖРО ұйымдастырған әскери іс - шара барысында.
Сондай ақ әскери бөлімге қазақ және орыс тілдеріндегі 20 кітапты сыйға тартты.
8 тамызда Меморандум шеңберінде "Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ мен " 161/3 ҚК" мекемесі арасында мәдени көпшілік іс - шараларды өткізуге жәрдемдесу ҚР ішкі істер министрлігі, сондай -ақ Қазақстандағы Абай күнін аудандық кітапхана ҚК - 161/3 қызметкерлерімен бірлесіп "Абай ойының ұлылығы" атты кеш- портрет өткізді. Мақсаты : Абай поэзиясымен таныстыру, ұлы ағартушы туралы түсініктерін кеңейту. Шараға қатысушылар қазақ халқының даңқты перзенті шығармашылығының інжу -маржанына айналған " Тәрбиелік сөздерін" оқып, Абайдың өлеңдерінен домбыраның сүйемелдеуімен таңдаулы шығармалары тыңдалды. "Барлық даналық кітапта" атты кітап көрмесінде Абай Құнанбаевтың шығармалары, оның өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер, ақынның шығармашылығын зерттеушілердің еңбектерімен таныстырылды, өзін -өзі үйреткен суретші, сотталған Александр Кудинов Абайдың портретін салып, Жітіқара ауданы кітапханасына сыйға тартты. "Біз өз мәдениетімізді ұмытпауымыз керек. Мен көптеген елдердің Абай шығармаларымен таныс екенін мақтан тұтамын"- деп Александр бізбен бөлісті. Шара соңында сотталғандарға ҚК мекемесінің қызметкерлері дайындаған "Абай" көркем фильмін көрсетіліп, кітапханашылар дәстүрлі "Кітап сыйға" атты қайырымдылық акциясын өткізіп, қазақ және орыс тілдерінде басылып шығарылған 20 кітапты сыйға тартты. Іс -шараны Жітіқара ОКЖ әдіскері Виктория Тулубаев, сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы әділет капитаны Аслан Канафинмен, сонымен қатар ҚК 161/3 бөлімінің қызметкерлерімен жүргізді.