«Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жітіқара аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
28 сәуір Жітіқара аудандық кітапханасының библиографы Тутина Б. К. Жітіқара ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ және «Лидер» жастар қоғамдық бірлестігі үшін «Оқуға қайда бару керек?!» ақпараттық сағат өткізді. Мамандық деген не туралы әңгімеледі. Мамандықтар қалай пайда болды? Библиограф кітапханашы мамандығы туралы және ең танымал, белгілі кітапханашылар туралы көбірек айтты. Мамандық - бұл адам өз өмірін арнайтын жұмыс деген қорытындыға келдік. Балалар болашақ мамандық таңдау туралы бөлісті. Ақпараттық сағат қарқынды және қызу өтті. Одан әрі, кітапхана бойынша экскурсия өтті. Балалар Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауымен, сондай-ақ Астана, «Алаш» партиясы, оқиғалар жылнамасы және басқа да мерейтойлық көрмелермен танысты.