«Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жітіқара аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
23 шілде Аудандық балалар кітапханасы «Даналық әліппесі» білім беру кешенінің құрамына қобыз, домбыра, бесік жыры, халық әндері, халық аңыздары, халық ертегілері, халық әндері, мақал-мәтелдер, билер, ата-бабаларымыздың баталары кіретіні туралы бейне хабарлама дайындады. Олар баланың жасына, туғаннан бастап жеке тұлғасына сәйкес рухани құндылықтарды тәрбиелеуге, дамытуға, қалыптастыруға бағытталған. Комплекс кітаптың мәтінін дыбыстайтын он екі кітап мен қаламнан тұрады. Бейне хабарламада 4 кітап ұсынылған: халық әні, халық жыры, қобыз үні и домбыра күйі.
23 шілде Аудандық кітапхананың оқу залының кітапханашысы Ахметова Л. С.
«Қазақ халқының классикалық музыкасы» музыкалық вернисажы классикалық қазақ музыкасының тарихы, атақты қазақ музыканттары, композиторлары музыка орындаушылар туралы баяндалатын «Қазақтың дәстүрлі 1000 әні» антологиясының негізінде дайындалған, сондай-ақ қазақ классикалық музыкалық шығармаларының жазбалары бар дискілер қоса беріледі, олардың бірі «Boztorgai» бейнероликте қосылған.
6 шілде «Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ және ҚР ІІМ ҚТЖК «ҚК 161/3 мекемесі» РММ арасында мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге жәрдем көрсету жөніндегі меморандум шеңберінде ағымдағы жылдың 1 шілде күні ҚК 161/3 сотталғандарға арналған аудандық кітапхана тарихи-өлкетану мұражайымен бірлесіп Астана күніне арналған «Нұр-Сұлтан тарих айнасында» Тарихи экскурсиясын өткізді. Сотталғандарға Астананың даму тарихы және жылдар бойы армандаған қаланың қалай салынғаны туралы айтылды. «Нұр-Сұлтан ғажайып мекені» атты ролик назарларына ұсынылды. Сондай-ақ, елордамыздың қалыптасу тарихы туралы тарихи экскурсия өткізілді. Қаланың даму кезеңдері туралы айтып өтті. Іс-шара барысында «Нұр-Сұлтан-менің арманым» атты кітап көрмесінде мұражайдан экспонаттар қойылып ұсынылды. Ақпараттық сағат аяқталғаннан кейін аудандық кітапханадан кітаптар сыйға тартылды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Астана күнін мерекелеу аясында кітапханашысы Л. Ахметова 2 шілде күні «Қазақстан астанасы - біздің мақтанышымыз және прогресс символы» атты әдеби онлайн – вернисаж дайындады. https://ok.ru/video/3647733893715
2 шілде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және "Домбыра күні" ұлттық мерекесі аясында Жітіқара аудандық кітапханасы бірқатар іс-шаралар дайындалып. Қала және аудан тұрғындары үшін аудандық кітапхананың оқу залы аудандық мәдениет сарайының кіреберісінде кітап көрме-панорамасын ресімдеді. Көрмеде белгілі музыканттар, композиторлар, домбырашылар, күйші Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нұрпейісова және басқа да музыканттардың кітаптары қойылды. «Домбыраның сиқырлы әлемі» буклеттері, домбыра күнін тойлау туралы флаерлер, Қазақстанның музыканттары, композиторлары, домбырашылары туралы флаерлер қойылды. Көрме-панорама танымал домбырашылардың күйлерімен сүйемелденді.
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі С.М. Аймұхамедова әлеуметтік желі қолданушылары үшін "Дала домбырасы" атты тарихи медиа-экскурсиясын дайындады. Шілденің бірінші жексенбісінде қазақстандықтар ұлттық музыкалық аспап - домбыра күнін атап өтеді. Бұл бейнероликте домбыра мен оның шығу тегі, пайда болуы туралы айтылады. Домбыраның пайда болуына байланысты бірнеше аңыз бар. Домбыра деген не? Оны қалай жасайды? Қандай материалдан? Домбыра неден тұрады? Оның құрылымы? Домбыраның пайда болу тарихы? Осы бейнероликті көргеннен кейін сіз осы және басқа да көптеген сұрақтарға жауап таба аласыз.
Бейнеролик домбыраның әуезді үнімен сүйемелденеді. Қазақтың халық музыканты, композиторы, күйші Құрманғазы ең ұлы домбырашылардың бірі болып табылады. Оның шығармалары бүкіл әлемге танымал. Оның шығармаларының бірі - "Адай" күйі. Композитор Дина Нұрпейісова бала кезінен домбыраны қолынан тастамаған. Құрманғазы шәкірті. Домбыра музыкасының ең жоғары деңгейіне жетті. Домбыра - қазақ халқының жаны! Бұл - ерекше музыка! Тарихи медиа-экскурсия оқырмандардың, әлеуметтік желі қолданушыларының ой-өрісін кеңейтеді. Домбыраның пайда болу тарихын, өнертабысын зерттеу арқылы терең ғасырлар қойнауына әкеледі.