Четверг, 03.07.2025, 21:00
Приветствую Вас Гость | RSS

«Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Жітіқара аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа

Главная » 2021 » Июнь » 25 » Жаналықтар
09:26
Жаналықтар

25 маусым
     Жаз – бұл мектеп демалысының таңғажайып күндері, балалар жазғы уақытта жаңа нәрсені игеріп, үйренуге тырысады. Жазғы оқу бағдарламасы аясында аудандық балалар кітапханасының қызметкерлері «Фонтан жанында кездесеміз» атты жазғы ойын-сауық өткізді, оған № 3 мектеп-лицейі мен № 12 мектептің оқушылары қатысты. Іс-шараның мақсаты – жазғы демалыс күндері балаларды кітапханаларға жүйелі түрде баруға және оқуға тарту, балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру. Ойын-сауық бағдарламасына қатыса отырып, балалар әдеби кейіпкерлерді, көркем шығармаларды және оларды жазған авторларды естеріне түсірді. Әр дұрыс жауап үшін қатысушы смайлик алды. Ең көп смайлик жинағандар ойын жеңімпаздары болды.

23 маусым
     «Тәуелсіздік тарландары» жобасы аясында Жітіқара аудандық кітапханасы алғашқы тың игеруші, Жітіқара ауданының Құрметті азаматы М. И. Калининамен кездесу ұйымдастырды.

23 маусым
     1987 жылғы 7 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы қарар қабылдады, онда 26 маусымды есірткіні пайдаланудан және олардың заңсыз айналымынан Халықаралық есірткіні пайдаланудан еркін қоғам құру үшін қызмет пен ынтымақтастықты күшейтуге бел буғанының белгісі ретінде халықаралық есірткі қолдану және олардың заңсыз айналымына қарсы күрес күні ретінде атап өту туралы қаулы қабылданды. Сонымен, 2021 жылдың 23 маусымында, аудандық кітапханада «Ауырып ем іздегенше – ауырмайтын жол ізде» СӨС жобасы аясында «Нашақорлық – қазіргі заманның өткір мәселесі!» атты дөңгелек үстел өтті. Жітіқара ауданының жастарын толғандырған сұрақтарға Қостанай облысы полиция департаментінің Жітіқара қаласы және Жітіқара ауданы полиция бөлімінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл тобының аға жедел уәкілі полиция майоры Алтынгуль Аскаровна Аманжулова жауап берді.

Просмотров: 175 | Добавил: warlock | Рейтинг: 0.0/0
Поиск
Календарь
«  Июнь 2021  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
Архив записей

Copyright MyCorp © 2025
Сделать бесплатный сайт с uCoz