Четверг, 03.07.2025, 20:47
Приветствую Вас Гость | RSS

«Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Жітіқара аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа

Главная » 2021 » Июнь » 18 » Жаналықтар
11:13
Жаналықтар

 

18 маусым
     Ақылбек Қожаұлы Шаяхмет – қостанайлық ақын, біздің жерлесіміз, Жітіқара ауданының құрметті азаматы, жазушы публицист, драматург, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚӨУ профессоры. Биыл Ақылбек Щаяхмет өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтеді. 
     Ағымдағы жылдың 18 маусымында біздің атақты жерлесіміз өзінің кіші Отанына келіп кетті. Осы оқиға құрметіне АМҮ – де Жітіқара ауданының әкімі Нұржан Қайыржанұлы Өтегенов, аудан әкімшілігінің өкілдері, ұйым басшылары, мәдениет қызметкерлері, шақырылған қонақтар ақын шығармашылығын сүйіп тыңдаушылар қатысқан шығармашылық кеші өтті 
     Аудандық кітапхана жазушының өмірі мен шығармашылық қызметі туралы кітаптар мен мерзімді басылымдардың материалы қойылған «Ақын жер тумасы» атты көрме инсталляциясын дайындады.

17 маусым
     Биыл ақын, публицист, қоғамдық-саяси қайраткер, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Олжас Сүлейменов үлкен мерейтойын атап өтуде. Ол 85 жасқа толады. Осы атаулы күнге орай аудандық балалар кітапханасында «Ақын және уақыт» атты онлайн көрмесі өткізілді. Көрнекті қазақ ақынының жарқын көпқырлы шығармашылығы туралы, жүздеген мақалалар мен ғылыми еңбектер жазылды. Оның есімі елден тыс жерлерге танымал, Олжас Сүлейменовтің танымалдық географиясы өте кең. Көрмеде Олжас Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар мен фотосуреттер, оның кітаптары, ақынның шығармашылығы туралы замандастарының естеліктері ұсынылған.

Просмотров: 161 | Добавил: warlock | Рейтинг: 0.0/0
Поиск
Календарь
«  Июнь 2021  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
Архив записей

Copyright MyCorp © 2025
Сделать бесплатный сайт с uCoz