Четверг, 03.07.2025, 20:06
Приветствую Вас Гость | RSS

«Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Жітіқара аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа

Главная » 2021 » Июнь » 11 » Жаналықтар
12:46
Жаналықтар

15 маусым 
     Күні Ақылбек Шаяхметтің 70 жылдығына орай Забелов а. кітапханашысы Юлия Леготина «Шығармашылық пен даңқтың шыңында» атты жазушының шығармашылығына шолу жасады. Бейнероликте танымал ақын мен прозаиктің өмірбаяны, оның шығармашылық жолының қалыптасуы, сондай-ақ автордың шығармалары көрсетілген.

14 маусым
     Жас өлкетанушы «Атамұра» үйірмесінің кезекті отырысын аудандық балалар кітапханасы балалар шығармашылығы мектебінде өткізді. Үйірменің кезекті сабағының тақырыбы «Жітіқара қаласының құрылыс тарихымен танысу». Мақсаты – балаларды қаламыздың құрылысының басталуымен таныстыру, қаланың алғашқы шағын аудандарын салған, Жітіқара қаласын абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстарын жүргізген адамдар туралы айтып таныстыру.

11 маусым
     Күні «Очумелые ручки» (Тохтаров а. 6 бөлімше) клубының қатысушылары шеберлік сағатын ұйымдастырды.
     Клуб мүшелері бұл жолы өздерін аспаздық жағынан көруге шешім қабылдады және алдымен өздерін нағыз аспаз сияқты сезіну үшін қалпақтар жасады. Кекс рецептісімен танысып, оларды «Очумелые ручки» деп атады.
     Әрі қарай аспаздықтың сиқырлы процесін бастады.
     Біз қамырды дайындадық, пішіндерді толтырдық, құлпынаймен безендірдік және жарты сағатқа пешке жібердік. Мінекей, дәмді, жұмсақ, тәтті кекстер дайын. Асыңыз дәмді болсын!

 

10 маусым
     Қалалық көл аумағындағы аудандық балалар кітапханасы мектеп жанындағы № 7 мектеп-гимназия лагерінің демалушыларымен «Орындықтағы кітаппен әдеби десант» викторинасын өткізді. Балалар «Звезды» және «Кометы» деген 2 командаға бөлінді. Іс-шара барысында өз білімдері мен дағдыларын балалар ертегі кейіпкерлерін сипаттама бойынша көрсетіп шығарманы атады, кейіпкерді белгілі бір оқиға бойынша тапты, «ертегі сұрақтарына» жауап берді. «Сказочный переполох» байқауында шатастырылған ертегілерді қалпына келтіре алды. Нәтижесінде ойын барысында балалар сұрақтарға жауап беріп қана қоймай, әртүрлі ертегілер туралы білді: әдеби және халық ертегілері, сиқырлы және күнделікті ертегілер. 
     Сондай-ақ, қатысушылардың назарына «Кітаптарда демалыс жоқ» атты кітап көрмесі ұсынылды, ол бойынша кітапханашы әдебиетке шолу жасады. 
     Іс-шара қызықты өтті. Балалар уақытты пайдалы өткізді.

9 маусым
     12 маусым – Дүниежүзілік балалар еңбегіне қарсы күрес күні Халықаралық еңбек ұйымының бастамасымен 2002 жылы пайда болды. Жазғы демалыс қарсаңында елімізде жыл сайын 1–12 маусым аралығында «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы күрестің 12 күні» атты Ұлттық ақпараттық науқаны өткізіледі. Науқанды өткізудің негізгі мақсаты – ересектер, балалар және олардың ата-аналарын қоса алғанда, қоғамның назарын балалар еңбегінің ең нашар түрлерін қолданудың алдын алу мәселелеріне аудару, сондай-ақ осы салада құқықтық ақпараттандыру болып табылады. 2021 жылы бұл акция «Балалар еңбегін пайдалануға жол жоқ!» ұранымен өтеді. Жітіқара аудандық АОКЖ кітапханаларда кітап көрмелерін, тақырыптық сөрелерді, осы мәселе бойынша әдебиеттерді қарауды ұйымдастырды. Оқырмандарға бұл бағыттағы әдебиеттер ұсынылған: «Бала құқықтары туралы Конвенция», «Сен өз құқығың мен міндеттеріңді білесің бе», «Бала еңбегін пайдалану туралы не білуіңіз керек», «ҚР Конституциясы» және т.б.

Просмотров: 193 | Добавил: warlock | Рейтинг: 0.0/0
Поиск
Календарь
«  Июнь 2021  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
Архив записей

Copyright MyCorp © 2025
Сделать бесплатный сайт с uCoz