Четверг, 03.07.2025, 19:48
Приветствую Вас Гость | RSS

«Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Жітіқара аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа

Главная » 2021 » Июнь » 4 » Жаналықтар
12:32
Жаналықтар

8 маусым 
     Күні Самғау» клубының қатысушылары үшін «Жемқорлықсыз табысты болуға болама?» тақырыбында кітапханалық сағаты өтті. Шара барысында кітапханашы қатысушыларға осы тақырыптың проблемалары туралы айтып берді. Қатысушылар үшін «Сыбайлас жемқорлыққа деген көзқарас» психологиялық тесті өткізілді, оған балалар белсенді қатысты. Кітапханалық сағаты аяқталар алдын қатысушылар 5 минут ішінде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында жарнама дайындаған болатын. Сонымен біздің еліміздің болашағы зор екенін, оның барлық қиындықтардан сүрінбей өтуіне алайда жемқорлық күшті болса да, бірақ бұл мәселемен күресуге болатынын қатысушылар іс-шара барысында түсінді.

3 маусым 
     Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында аудандық балалар кітапханасы «Мәңгілік құндылықтар» атты тарихи вираждарын дайындады. Бейнеролик Тәуелсіз Қазақстан рәміздерінің құрылу тарихына арналған. Кітапхана қызметкерлері ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы қазақ тілінде жан-жақты айтып берді. Сондай-ақ осы тақырып бойынша кітаптар ұсынылды.

2 маусым 
     Күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Забелов а. кітапханашысы Юлия Леготина «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш!». Бейнероликте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері: Ту, Елтаңба және Әнұран туралы ақпарат ұсынылған. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңның қабылданған жылы мен мемлекеттік рәміздердің авторлары көрсетілген.

2 маусым
     Абонемент кітапханашысы С. М. Аймухамедова «ҚР Мемлекеттік қызметшілер күні» атты бейне хабарлама дайындады. 23 маусымда Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер күні атап өтіледі. 2003жылы ЮҰҰ Бас Ассамблеясы 23 маусымда мемлекеттік қызметші күні деп белгілеп, БҰҰ қатысушы елдерді осындай күнді өз елдерінде құруға шақырды. 2013 жылдың желтоқсанында ҚР Президенті Н. Назарбаев республикадағы кәсіби мерекелер тізіміне толықтырулар енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. 2014 жылдың маусым айынан бастап елімізде мемлекеттік қызметшілер күні атап өтіле бастады. Бейнероликке ҚР мемлекеттік қызметшісі қандай болуы тиіс бейнесюжеті енгізілген. Қызметкерлер құрамын олардың біліктілігін арттыруға, оқытуға, мемлекеттік қызметшілер лауазымына кандидаттарды мұқият іріктеуге ерекше назар аударылады. Ол үшін мамандарды даярлау орталығы құрылды.

1 маусым 
     Чайков а. кітапханашы Столяр В. Н. Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Біз ғаламшардың бақытты балаларымыз» мерекелік бағдарламасын өткізу үшін Чайков орта мектебімен бірікті. Іс-шара барысында «Жаз келе жатыр» атты тақырыпқа ойындар мен байқаулар ұсынылды, «Күн шеңбері» әнін орындады және іс-шара соңында балалар би флешмобын көрсетті.

1 маусым
     Тоқтар ауылының кітапханашысы балаларды қорғау күніне орайластырылған «Балалар – өмір ғажайыбы» акциясын өткізді. 
     Анастасия Ахатова балаларға мерекенің шығу тарихы сипатталған буклеттер мен балаларға осы тамаша күнмен құттықтаулар таратты.

1 маусым 
     Балаларды қорғау күні, онлайн-көруге Степное а. кітапханашысы Джузикеева Кукенай «Балалық шақ қорғауда» атты ойын бағдарламасын дайындады. «Котенок и елка», «Карандаш Самоделкин против Злодейкина», «Кто чей малыш или как козленок искал свою маму» балалар кітаптарын қарау және сипаттау. Балаларды өрттен қалай қорғауға және оларға қауіпсіздік ережелерін үйрету туралы жұмбақтар мен сұрақтар.

 

1 маусым
     Жаздың бірінші күні көптеген елдерде Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі. Бұл ең көне халықаралық мерекелердің бірі, оның мақсаты – балаларға өз өмірін, құқықтары мен денсаулығын қорғау қажеттілігін еске салу. 1 маусым күні Забелов а. кітапханашысы Забелов а. мәдени ұйымдастырушысымен бірлесіп 6-ден 12 жасқа дейінгі балаларға арналған «Балалық шақ ғаламшары» атты концерттік-ойын-сауық бағдарламасын өткізді. Мерекелік бағдарлама барысында оқушылармен қызықты ойындар мен байқаулар өткізіліп, бірнеше би ұжымдарының би нөмірлері ұсынылды. Сондай-ақ, балаларды сүйікті «Маша и медведь» мультфильміндегі кейіпкерлер құттықтауға келді. Іс-шара асфальттағы бормен дәстүрлі сурет салу байқауымен және ертегі кейіпкерлері мен ерекше реквизиттері бар қызықты фотосессиямен аяқталды. Барлық оқушыларға тәтті сыйлықтар берілді.

1 маусым
     «Әлем балалық шақтан басталады» бұл әдеби саяжайдың атауы болды және оның мақсаты: жазғы демалыс кезінде жаңа оқырмандарды тарту; белсенді оқырмандық қызметті қалыптастыру және жазғы уақытта балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру. Әдеби саяжай қалалық көл маңындағы алаңда ұйымдастырылды. Ал мерекеге № 3 мектеп-лицейінің 5-6 сынып оқушылары қатысты. Әуе шарларымен безендірілген күркенің жанында балалармен А.Толстойдың «Приключения Буратино», ертегісінің кейіпкері Түлкі – Алиса әдеби викторина өткізді. Екі команда әдеби кейіпкерлерді, танымал шығармалардың авторларын білуден жарысты. Балалар жақсы нәтижелер көрсетті. Бірақ ойынның аты ойын. Бір ұпаймен Финикс командасы жеңіске жетті. Барлық балалар шағын сыйлықтар алды.

1 маусым 
     Пригородный ауылының кітапханашысы Елена Падалка Одноклассники және Инстаграм желілерін пайдаланушылар үшін балаларды қорғау күніне арналған «Біз ғаламшардың бақытты балаларымыз» атты онлайн - викторинасын дайындады. Викторина барлық танымал және сүйікті ертегілердің жауаптары бар сұрақтардан тұрды.

1 маусым
     Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Милютин ауылының кітапханашысы Светлана Бондарь «Мен күнді алақаныма аламын» = «Я возьму в ладошки солнце» атты виртуалды көрме-шолуын дайындады. Бейнероликте жас оқырмандарға арналған қазақ және орыс тілдеріндегі балалар әдебиеті ұсынылған.

Просмотров: 186 | Добавил: warlock | Рейтинг: 0.0/0
Поиск
Календарь
«  Июнь 2021  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
Архив записей

Copyright MyCorp © 2025
Сделать бесплатный сайт с uCoz