Четверг, 03.07.2025, 22:25
Приветствую Вас Гость | RSS

«Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Жітіқара аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0
Форма входа

Главная » 2021 » Май » 25 » Жаналықтар
10:30
Жаналықтар

 

31 мамырда 
     Жітіқара кітапханасының қызметкерлері Жеңіс саябағында саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді. Қатысқандар: аудан әкімдігінің өкілдері, Нұр-Отан өкілдері, қуғын-сүргін жылдары зардап шеккен отбасылардың өкілдері сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары. Жиналғандар қуғын-сүргін жылдары зардап шеккендерді бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

28 мамыр
     ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында аудандық балалар кітапханасы «Менің Отаным – Қазақстан»  атты өткенге онлайн-экскурс дайындады, оның мақсаты Отанымыздың тарихи өткені мен бүгіні үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу болып табылады. 
     «Өткенді білмей, қазіргі уақытты білу және болашақты болжау қиын». Әбу Насыр Әл-Фарабидің бұл сөздері өз елінің тарихи өткенін білудің маңыздылығын көрсетеді.

 

26 мамыр
     Қазақстан Республикасының Мәдениет және өнер қызметкерлерін мерекелеу күні аясында Қостанай облысының мәдениет қызметкерлеріне құрмет көрсетілді, сондай-ақ «Рухани қазына – 2021» мәдениет және өнер саласындағы ұйымдар мен қызметкерлердің республикалық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. 
     Жітіқара аудандық кітапханасы:
     Қостанай облысы әкімдігінің дипломы, мүсінше және «Рухани қазына 2021» республикалық байқауының облыстық кезеңдегі «Аудандық маңызы бар үздік кітапхана» номинациясындағы жеңісі үшін 200 000 теңгеге сертификат. 
     Тулубаева Виктория Евгеньевна Қостанай облысы әкімдігінің дипломы және «Рухани қазына 2021» республикалық байқауының облыстық кезеңдегі «Үздік онлайн жоба» номинациясындағы жеңісі үшін 200 000 теңгеге сертификат.
     Республикалық «Рухани қазына – 2021» онлайн-фестиваліне қатысқаны және мәдениетті дамытуға үлес қосқаны үшін ҚР Ұлттық кітапханасы мен Ұлттық кітап палатасы Мәжіліс пен Сенат депутаттары атынан аудандық ОКЖ директоры Жұмағұлова Әсем Ахметвалиевна алғыс хатпен марапатталды.

25 мамыр
     Қазіргі уақытта латын әрпін қолдану, ең алдымен, заман талабы болып отыр. Сондықтан да заманауи технологияларға тәуелді екенімізді мойындап, кез келген жаңа дүниелермен санасуымыз жөн сияқты. «Бұл үдеріс жақсы дайындықты және ойластырылып жүргізілуді қажет етеді. Осы орайда, ХХ ғасырда кириллица негізінде қазақ тіліндегі әдеби және ғылыми мұралардың ауқымды қоры әзірленгенін есте сақтағанымыз дұрыс. Ең маңыздысы, қазақстандықтардың болашақ ұрпағына арналған халықтың осынау қазынасы жоғалып кеткен жоқ. Біз қазақ тілін латын әрпіне көшіру жөнінде мемлекеттік комиссия құрамыз», – деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде.
     Қазіргі қазақ жазуында қолданылып жүрген әліпбиді латын әріптерімен ауыстыру мәселесіне алаңдаушылық тудырып отырғандардың бар екендігін жасырмаймыз және олардың санда ры да баршылық. Бірақ бұл болашаққа батыл қадам жасап, елімізді төрткүл дүниеге танытып келе жатқан Елбасының тағы бір маңызды бастамаларының бірі және дер кезінде қозғалған тіліміздің болашағы үшін жасалған ғылыми маңызды шара деп білуіміз қажет сияқты.

25 мамырда 
     Забелов ауылының кітапханашысы Юлия Леготина «Жаңа кітаптардың галереясы атты жаңа кітаптарға бейне шолу жасады. Бейнероликте детектив, махаббат және психологиялық романдар жанрында жаңа кітаптар ұсынылған.

25 мамыр
     «Л. Н. Толстой атындағы ОӘҒК» «Елді мекендердің атауларын өлкетану жұмысының тақырыбы ретінде таңдау» атты онлайн семинар өткізді. Жітіқара АОКЖ қызметкері Галина Згоник «Жітіқара ауданының ауылдар шежіресі» энциклопедиясын құру бойынша жоба туралы айтып, «Өлке тарихын тірілтудің тәсілдері» тақырыбы бойынша сөз сөйледі.

24 мамыр
     Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай, әлеуметтік желі пайдаланушылары үшін «Қайғылы дәуір ескерткіші»=«Печальный памятник эпохи» атты бейнеролик дайындады.  
     1997 жылдан бастап жыл сайын 31 мамырда Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. Бұл сталиндік режим дәуірінде жазықсыз қаза тапқан зиялы қауым өкілдерін, олардың әйелдері мен балаларын еске алу күні. 
     Қазақстанда ГУЛАГ-тың 11 лагері жұмыс істеді, олардың ішіндегі ең ірілері «КарЛаг», «АЛЖИР», «Степной» және «КамышЛаг» болды. Қуғын-сүргін құрбандары Кеңес Одағының аумағында тұратын халықтың  барлық ұлт өкілдерінің әр түрлі топтары болды.

24 мамыр
     Жітіқара аудандық кітапханасының библиографы Ботакоз Тутина өз оқырмандары үшін «Қымызмұрындық дәстүрі» атты бейнеролик дайындады. Қымызмұрындық – ең танымал дәстүр (қымыз мерекесі, сусынның алғашқы сынамасы). Қазақ халқы ежелден бие сүтін ішуге пайдаланған. Бие сүтін пайдалану ғұндар мен түріктер дәуірінен басталып, бүгінгі күнге дейін жалғасуда. Сауылған бие сүті саумал деп аталады. Әрі қарай саумалдан, қымыз дайындайды. Қазақтар қымыз көптеген аурулардың емі деп санайды. Жылқыны алғаш рет сауған кезде, барлығы бие сүтінің алғашқы сынамасының дәмін көруге шақырады.

Просмотров: 211 | Добавил: warlock | Рейтинг: 0.0/0
Поиск
Календарь
«  Май 2021  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
Архив записей

Copyright MyCorp © 2025
Сделать бесплатный сайт с uCoz