Четверг, 03.07.2025, 22:02
Приветствую Вас Гость | RSS

«Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Жітіқара аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа

Главная » 2021 » Май » 4 » Жаналықтар
11:38
Жаналықтар

 

30 сәуір                        
     Жітіқара аудандық кітапханасында «Тұрғындардың бос уақытын ұйымдастыруда заманауи тәсілдер мен жаңа нысандарды іздеу» атты семинар-практикумы өткізілді. 
     Семинарға қатысушыларға «Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Ж. А. Әлмұхамедова сәлемдесу сөзімен қатысушыларға арнап сөз сөйледі. Жаңылдық Алтайқызы кітапханашылар шығармашыл адамдар екенін, кітапханашы мамандығы көп қырлы, сондықтан да әсіресе ауыл кітапханашылары оқиға орталығында жүруі керектігі жайлы айтып өтті. Барлығына шығармашылық табыс тіледі. 
     «Жітіқара АОКЖ» КММ директоры Жұмағұлова Әсем Ахметвалиевна бұқаралық іс-шаралар кітапхана жұмысының тиімді түрі болып табылатынын атап өтті. Олардың арқасында кітапханашы өзін шығармашылықты тұлға, өз саласының маманы ретінде көрсетеді және оқырманға әсер етіп, оны кітап пен оқуға тартады.
     «Кітапханадағы бұқаралық қызмет: іс-шараларды өткізудің нысандары мен әдістері» әдістемелік кеңесімен әдіскер Г. Д. Згоник сөз сөйледі, ол жаппай іс-шараны ұйымдастыру әдістемесіне ойланудан бастап іске асыруға және қорытындылауға дейін тоқталды, сондай-ақ кітапхана сценарийін дұрыс жазу және ресімдеу бойынша қадамдық нұсқаулықтар берді.
     «Бұқаралық жұмыстың жаңа нысаны» В. Е. Тулубаева таныстырып өтті.  Виктория Евгеньевна атап айтқанда, «Көңілді ойындар күні», «Библиомарафон», «Криптограмма», «Библиоперфоманс» және басқада интерактивті нысандарға  тоқталды.
     «Бос уақыт пен шығармашылық арқылы кітап  пен оқуды жылжыту» атты тақырыппен семинарды аудандық кітапхананың меңгерушісі Р. Г. Егорова жалғастырды. Римма Гафуровна өз сөзінде АБК – ның осы бағыттағы жұмысы туралы берді. «Балалар өнер мектебімен» ынтымақтастықта екенін ерекше атап өтті. 
     Тақырыпты жалғастыра отырып Тоқтар а. кітапханашысы А. А. Ахатова «Очумелые ручки» клубы туралы және Забелов а. кітапханашысы Ю. В. Леготина «Оқимыз, ойнаймыз, жасаймыз!» қызығушылық бойынша клуб қызметтеріне шолу жасады. 
     Семинар барысында балалар кітапханасының кітапханашысы Н. П. Низдоймина №3 ОМ 7-сынып оқушыларымен «Бұл менің Отаным» атты өз ойынын көрсетті. Іс-шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығына дайындалды. 
     Одан әрі ауылдық бөлімшелердің кітапханашылары арасында өткен іс-шараның хаттамасын құрастыру бойынша практикалық сабақ өткізілді.
     Соңында ауыл кітапханашыларына «Ыбырай Алтынсарин –  ұлы ағартушы » атты библиографиялық құрал, Кеңес Одағының Батыры Естай Ищановтың 115 жылдығына арналған «Бұл атау аңыз ретінде естіледі» атты библиографиялық жадынама және библиограф Б. К. Тутина дайындаған басқа да әдістемелік материалдар таратылды.

 

30 сәуір
     Кітапхананың оқу залында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Өз ойыным» атты зияткерлік турнир өтті. Ойынға қатысушылар № 3 мектеп –лицейінің 7 сынып оқушылары, Қазақстанның тарихы, мәдениеті, флорасы мен фаунасы тақырыптарындағы жақсы білімдерін көрсетті. 
     Іс-шараны өткізген кітапханашы Н. П. Низдоймина.

Просмотров: 175 | Добавил: warlock | Рейтинг: 0.0/0
Поиск
Календарь
«  Май 2021  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
Архив записей

Copyright MyCorp © 2025
Сделать бесплатный сайт с uCoz