Четверг, 03.07.2025, 20:24
Приветствую Вас Гость | RSS

«Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Жітіқара аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа

Главная » 2021 » Апрель » 22 » Жаналықтар
19:05
Жаналықтар

 

26 сәуір 
     Аудандық кітапхананың оқу залында С. М. Аймухамедова және Л. С. Ахметованың ұйымдастыруымен көрнекті ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің қонақтары мен қатысушыларына «Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» басшысы Ж.А. Әлмұхамедова сәлемдесу сөзімен сөз сөйледі. Іс-шараға Жітіқара аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Ә. А. Жұмағұлова, Жітіқара политехникалық колледж студенттері және дөңгелек үстел қатысушылары аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Р. Г. Егорова, № 12 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ж. Е. Валеева 5 «А» сынып оқушыларымен сондай-ақ тарихи-өлкетану мұражайының меңгерушісі шақырылды. Дөңгелек үстелге қатысушылар өз сөздерін үш блок бойынша дайындады. Тарихи-өлкетану мұражайы өлкетану бойынша таныстырылым дайындады. Абонемент «Ы. Алтынсариннің өмір жолы» атты тақырыпқа ақпарат дайындады. № 12 орта мектептің оқушылары М. Симашконың «Қоңырау» шығармасының үзіндісінен мизансценаны таныстырды. Аудандық балалар кітапханасы Ы. Алтынсариннің ағартушылық қызметімен таныстырды. № 12 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ы. Алтынсариннің әдеби шығармашылығы  туралы айтып өтті. № 12 орта мектептің 5 «А» сынып оқушысы Ы. Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін джатқа оқып берді. Дөңгелек үстел таныстырылыммен сүйемелденді. Қонақтардың назарына Ы. Алтынсариннің «Ұлы қазақтардың құпиялары мен тағдырлары» бейнефильмнің үзіндісі көрсетілді. М. Симашконың «Қоңырау» атты романы бойынша буктрейлер қосып көрсетілді. Іс-шара қонақтары мен  қатысушылар Ы. Алтынсариннің шығармашылығы бойынша викторина өткізілді. Дөңгелек үстел соңында  қатысушылар шеңберге тұрып, бір-біріне «Кел, балалар оқылық!» кітабын бере отырып, «Мен туған өлкемді....жақсы көрем» деген сөйлемді аяқтау керек еді. Қорытынды бөлімде барлық қатысушыларға қатысқаны үшін алғыс хаттар мен тәтті сыйлықтар табыс етілді.
     Шақырылған қонақтар бүгінгі іс-шара туралы өз ойларын айтты. Іс-шараға Алтынсариннің кітаптары бойынша кітап көрмесі ресімделіп, әдебиеттер шолу.

26 сәуір
     Чернобыль АЭС апаттың 35 жылдығына байланысты Пригородное ауылының кітапханашысы Елена Падалка «Чернобыль. Өткені мен бүгіні» бейне шолу дайындады, ол Припять қаласымен және 1986 жылғы 26 сәуірдегі сол қорқынышты түннің еселі тарихымен таныстырды. Бейне шолуда ХХ ғасырдағы ең ірі техногендік апаттың ықтимал себептері мен салдары туралы айтылады. Кітапхана қорындағы кітаптар ұсынылды.

23 сәуір
     Елімізде 2021 жыл тәуелсіздік жылы деп жарияланды. Осыған байланысты «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Осы акция аясында қазақстандық авторлардың бес жанрдағы: поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті мен аудармалары бойынша «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 кітап» атты танымал 30 үздік туындысы іріктеліп алынды. Балалар әдебиеті жанрындағы таңдаулы 30 кітаптың қатарына белгілі қазақстандық жазушы Бердібек Соқпақбаевтың «Жекпе жек» повесі енді.
     Тоқтар ауылының кітапханашысы Анастасия Ахатова әлеуметтік желі қолданушылары үшін Бердібек Соқпақбаевтың «Чемпион» кітабы бойынша буктрейлер дайындады. «Чемпион» повесі қарапайым дене шынықтыру мұғалімі спортқа деген сүйіспеншілікті оята алған жас боксшы спортшылар туралы баяндайды.
     Ауыл кітапханасында оқырмандар қазақ және орыс тілдерінде повесін ала алады.

22 сәуірде
     Жітіқара өлкетану мұражайында абонемент және оқу залы кітапханашылары №2 орта мектептің 8 сынып оқушыларына арналған «Достық – бұл бір тұтас әлем» атты кейс-витрина өткізді. Балаларға қазақ халқының негізгі дәстүрлері туралы айтып қана қоймай, бірнеше дәстүрлерді көрсетті. Іс-шараның құрметті қонағы Ұлттық «Шаңырақ» орталығының жетекшісі Ж.К. Байканатова «Қырқынан шығару» және «Бесікке салу» рәсімін өткізді. № 9 мектептің мұғалімі С.З. Орынбеков ұлттық тоғызқұмалақ ойыны бойынша шеберлік сыныбын көрсетті. «Қазақ халқының салт-дәстүрін білгіші» викторинасы іс-шараны аяқтады. Іс-шара соңында Жамиля Кабдоллаевна «Бата» берді.

21 сәуір
     Забелов а. кітапханашысы әлеуметтік желілерде «Ертегі кейіпкерін тап» атты әзіл-сықақ викторинасын көруге дайындады. Викторинада бала кезінен танымал ертегілер және сүйікті кейіпкерлері туралы сұрақтар мен жұмбақтар ұсынылды.

21 сәуір
     Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту аясында кітапханашы Тулубаева Виктория Қазақ Кеңестік камералық және опера әншісі, педагог, КСРО Халық әртісі, классикалық репертуар мен халық әндерін бірдей әдемі орындайтын өзінің сымбаттылығы мен лирикалығы бойынша бірегей дауыс иесі Әлібек Дінішевтің 70 жылдық мерейтойына арналған «Әлібек Дінішев – аты аңызға айналған тенор» атты онлайн-іс-шара дайындады.

20 сәуір
     Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Энциклопедиялар мен анықтамаларда Тәуелсіздіктің тарихы» атты әдебиетке шолуды библиограф Тутина Ботакоз дайындады.

Просмотров: 190 | Добавил: warlock | Рейтинг: 0.0/0
Поиск
Календарь
«  Апрель 2021  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930
Архив записей

Copyright MyCorp © 2025
Сделать бесплатный сайт с uCoz