«Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жітіқара аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
6 сәуір Забелов а. кітапханашысы «Ахмет Жұбановтың музыкалық шыңдары» атты көрнекті композитордың шығармашылығы, кеңес және қазақ музыкатанушысы, профессор Ахмет Жұбанов туралы бейнеролик дайындады. Бейнероликте композитордың өмірбаянынан деректер, оның шығармашылық жолының басталуы, сондай-ақ танымал шығармаларының атауы және оның кітаптары ұсынылған.
6 сәуір Оқу залының кітапханашысы Л. Ахметова «Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ «Тілдерді оқыту орталығы» КММ директоры Губайдулина Сандуғаш Меербекқызымен «Ұлт болашағы және латын графикасы» тақырыбына байланысты қазақ тілінде сұхбат өткізді.
Әңгіме барысында Л. Ахметова және С.М. Губайдулина реформаның артықшылықтары мен қиыншылықтарын, латын әліпбиіне көшуіне байланысты қандай міндеттерді шешу керектігі жайлы талқылады.
6 сәуір Л. Хамидидің 115 жылдығына орай онлайн іс-шара «Музыка жан дүниемде» «Музыка в душе» атты танысу көрмесі өткізілді.
Кеңес композиторы, ҚазКСР-нің халық әртісі, ҚазКСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Л. Хамиди көптеген хор өңдеулер, әндер, романдар, вальстар жазды, олардың ішінде «Қазақ вальсі» және «Бұлбұл».
Сонымен қатар патриоттық және тарихи тақырыптарға жазған. Композитор шығармашылығың гүлденуі «Абай», «Төлеген Тохтаров» (А.Жұбановпен бірлесіп жазған), «Жамбыл» операларын жазған.
Хамиди музыка мәдениеті тарихында және қазақ халық музыкасын жинаушы этнографы ретінде, оқу және музыкатану басылымдарының авторы ретінде қалды.
Қазақ КСР әнұранының музыка авторларының бірі.
Бейнероликте ақынның өмірінен алынған деректер, оның өмірбаяны, шығармашылығы, Л. Хамиди туралы кітаптар ұсынылған.
4 сәуір Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту аясында кітапханашы Тулубаева Виктория «Аты аңызға айналған балуан – Қажымұқан Мұңайтпасов» портретінің тарихын дайындады.
Ямагата Мухунуридің «айбарлы самурай» сахналық лақап атымен бүкіл әлемге танымал болған Қажымұқан Мұңайтпасов өзінің мансабы барысында 50-ден астам медаль жеңіп алып, үлгі болды. Бізге ол керемет күшімен ерекшеленген, Қараөткел далаы ауылының тумасы, қазақ қаһарманы ретінде танымал.
Қажымұқан Мұңайтпасовтың өмір жолы-өз Отаны мен халқына қызмет етудің үлгісі. Оның есімі қазақстандық және ресейлік еркін күрес мектебінің тарихында алтын әріппен жазылған.
2 сәуір Дәстүрлі түрде, аудандық балалар кітапханасында, мектептегі көктемгі демалыс кезінде балалар кітабының апталығы өтуде. Осы жылы ол 26 наурыз бен 2 сәуір аралығында өтті. Аптаның ұраны «Оқы! Батыл бол! Өз әлеміңді аш!» болды. Бүкіл апта түрлі іс-шараларға толы болды. Балалар көңілді викторинар мен қызықты байқауларға қатысты. Кітапханада апта бойы мерекелік көңіл-күй орнады. Бұған тек қана ерекше іс-шаралар ғана емес, сонымен қатар кітапхананы безендірудіңде көмегі болды. Әр адам өз талғамына қарай кітап таңдап, оны кітапхананың оқу залында қарап немесе үйге алуына болады. Балалар кітабы апталығының жабылуы дублер күнімен тұспа-тұс келді. Біздің дублерларымыз № 3 мектеп-лицейінің 8 А сынып оқушылары Михайлюк Милана, Нагаева Амина, Бобылева Лейла, Кастрюбина Полина «Кітап әткеншегі» викторинасын өткізді. Мальвина, Пьер, ертегі Ханшайымы ойыншылармен бірге ертегі шығармаларына саяхат жасады.
Көктемгі мектеп демалыстары аяқталып, балалар мен жасөспірімдер кітабының апталығы да аяқталды, бұл апталық көптеген жағымды пікірлер мен жаңадан жазылған оқырмандар көбейді.