Четверг, 03.07.2025, 19:54
Приветствую Вас Гость | RSS

«Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Жітіқара аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа

Главная » 2021 » Апрель » 5 » Жаналықтар
19:07
Жаналықтар

2 сәуір
     Жітіқара АОКЖ барлық бөлімшелерінде Дублер күні акциясын бір мезгілде өткізу дәстүрге айналды. Акция жас оқырмандардың назарын кітапханашы мамандығына, әдебиет пен оқуға, сондай-ақ оқушылардың болашақ мамандығын таңдап анықтауына бағытталған. Аудандық кітапхананың оқу залында Дублер күні «Бүгін кітапханашы осында - мен!» Жітіқара АОКЖ  директоры Ә. А. Жұмағұлованың алғы сөзінен басталды. Дублерлар библиограф Б. К. Тутина күрделі, бірақ қызықты жұмысымен танысты. Үлкен теңіздегі штурман сияқты, ол оқырмандардың сұраныстарын орындау және керек әдебиеттерді табу үшін, кітапхана каталогтары мен картотекаларда бірден бағдарланады. Сонымен қатар кітапхана ісінің ардагері Г. Д. Згоник әдіскердің жұмысы туралы айтып, кітапханашы мамандығы туралы бірқатар сұрақтарға жауап берді. Акцияға мектептің №12 мектептің 8-сынып оқушылары қатысты. О. Ж. Иксатованың жетекшілігімен жабдықтау бөліміндегі жұмыс балаларға ұнады. Жас кітапханашылар мерейгер-жазушылардың «Дарынды атақты, ұлы» атты көрмені безендірумен өз бетінше айналысты.
     Аудандық кітапхана абонементі Е. Есжанов атындағы № 9 орта мектеп оқушыларымен Дублер күнін өткізді. Дублерлар жаңа баспасөзді қабылдап, оқырмандарға қызмет көрсетті, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған кітап көрмесін безендірді.
     Аудандық балалар кітапханасында Дублер күні «Балалар кітабы апталығының»  аяқталуымен тұспа-тұс келді. Кітапханашылар балалар үшін нағыз мереке ұйымдастырды. Дублерлар ертегілік іс-шарада жүргізушілер секілді мерекені бастады.
     Ауылдық бөлімшелердің кітапханашылары белсенді қатысты-ойындар, оқырмандармен жұмыс, экскурсия өткізу... және тағы басқалар. Жалпы, акцияға қала мен ауданның 30-ға жуық оқушысы қатысты.
     Кітапхана мамандығының қыр-сырын жас кітапханашы дублерлар «өте жақсы» деген бағаға игерді!
     Іс-шараға белсенді қатысқаны үшін барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
     Акцияны кітапхана қызметкері Тулубаева Виктория ұйымдастырды.

Просмотров: 173 | Добавил: warlock | Рейтинг: 0.0/0
Поиск
Календарь
«  Апрель 2021  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930
Архив записей

Copyright MyCorp © 2025
Сделать бесплатный сайт с uCoz