Четверг, 03.07.2025, 22:11
Приветствую Вас Гость | RSS

«Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Жітіқара аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа

Главная » 2021 » Март » 21 » Жаналықтар
20:29
Жаналықтар

31 наурыз
     «Кітапханананың әлеуметтік желілері кітап оқуды жылжыту құралы ретінде» атты облыстық онлайн-семинар  өтті. Семинарды Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ ұйымдастырды.
     Семинарды Л. Н. Толстой атындағы ОӘҒК директоры Дариға Төребайқызы Дүйсебаева сәлемдесу сөзімен семинарды ашты.
     Челябинск, Өскемен, Магнитогорск, Украина (Хмельницкий қ.) әріптестеріміз әлеуметтік желідегі тәжірибесімен бөлісіп, өз кітапханаларындағы ең жақсы онлайн-жобалары туралы айтып берді. Жітіқара аудандық кітапханасы «Жеке, топтық және жаппай жұмыс түрлерінің көмегімен кітапхананы жарнамалау және әдебиетті әлеуметтікмедиада танымал ету» тақырыбында есеп ұсынды.

29 наурыз
     Жітіқара аудандық кітапханасы «Кітапхана этикасы және қызмет көрсету мәдениеті» атты семинар-тренингін өткізді.
Семинарды – тренингті Жітіқара АОКЖ директоры Ә.А.Жұмағұлова ашты.  Әсем Ахметвалиевна кәсіби этика мәселелері қазіргі кітапхана қызметінде маңызды рөл атқаратынын айтып өтті. Кітапханада  іскерлік атмосфераны құруға, кітапханашылардың мәдени деңгейін арттыруға, сол арқылы кітапхана кәсібінің мәртебесі мен беделін жақсартуда этиканың рөлі зор.
     Семинардың бірінші бөлімінде этика ежелгі теориялық пәндердің бірі болғандығы, қоғамдағы адамның іс-әрекетін нормативті реттеудің негізгі әдісі ретінде түсіндірілді. Жылдар өте келе қызметтік этикет жайлы ережелер жасалғандығы туралы әдіскер Г. Д. Згоник айтып өтті. Сондай-ақ «Кітапханашылардың мәдени қарым қатынасы», Кітапхана ұжымындағы қақтығыстар және олардың пайда болу себептері» тақырыптары қарастырылды. Барлық ОКЖ қызметкерлері іскерлік ойындарға белсене қатысты.
     Семинардың екінші бөлімінде «Этика және вируталды әлем» тақырыбымен  В. Е. Тулубаева сөз сөйледі, ол әлеуметтік желілердегі тәртіп  пен ережелер жайлы және желілік этикеттің негізгі ережелерімен таныстырып, әлеуметтік желілердегі қандай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершіліктер бар екендігі туралы айтып берді. Бұл тақырып қызметкерлер аса қызығушылықпен тыңдады.  Практикалық сабақта АОКЖ қызметкерлері заманауи ақпараттық технологиялар негізінде мінсіз кітапханашыны анықтады.
     Соңында ауыл кітапханашылары мен ОКЖ жас кітапханашыларына библиограф  Б. К. Тутина   дайындаған «Кітапханашылардың мәдени қарым- қатынасы» жадынамасы және т.б әдістемелік - библиографиялық материалдар таратылып берілді.
     Семинар-тренингтің үшінші бөлімінде ауылдық бөлімшелер кез келген  тақырыпқа «Лэпбук» жасау  үй тапсырмаларымен  бөлісті. Ұсынылған тақырыптар: «Ыбырай Алтынсариннің – 180жылдығы» (Ырсай а.), «Ұлы     Отан соғысы» (Тоқтар а.), «Алыстағы және жақындағы ғарыш»       (Шевченков а.), «Наурыз мерекесін қарсы аламыз» (Милютин а.), «Ертегілер әлемінде» (Забелов а.) және басқалары.  
     Әрбір қатысушы өзі үшін жаңа идеялар,пайдалы ақпараттар жинап, өз білімін кеңейтті.

26 наурызда  
     Аудандық балалар кітапханасында биыл «Оқы! Батыл бол! Өз әлеміңді аш!» бұл ұранмен оқырмандарды тарту, балалар кітаптарын  насихаттау және жылжыту мақсатында «Балалар кітабы апталығы» ашылуы  өткізіді. Ашылуда балалар Алдар Көсе, түлкі Алиса, мысық Базилио, Мыстан кемпір және іс-шараның ең басты кейіпкері «Кітаптардың патшайымы» секілді ертегі кейіпкерлерімен кездесті. Мереке бағдарламасында: викториналар, байқаулар, би флешмобы, «Сиқырлы қасық» ертегісін сахналау сияқты көптеген қызықты іс-шаралар болды. Іс-шара тәттімен дәм татқызумен аяқталды.

22 наурыз
     17 наурыз күні Жітіқара аудандық кітапханасының оқу залының кітапханашысы Л.С. Ахметова № 12 мектептің 8 «А», «Б», «В» сынып оқушылары мен олардың сынып жетекшелері үшін Лысенко Оксана Валерьевна, Уралбаева Алия Койшыбаевна, Писаренко Екатерина Валерьевна  «Наурыз – көктем мен бейбітшілік» «Наурыз – праздник весны и мира» атты әдеби-музыкалық қонақжай өткізді. Осыдан бірнеше ондаған жыл бұрын бұл ежелгі мереке ұмытылған болатын, бірақ Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап, 30 жыл бойы біздің елімізде кең ауқымды түрде атап өтілуде. «Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Әлмұхамедова Жанылдық Алтайқызы сөз сөйледі.
     Іс-шара «Шашу» рәсімінен басталды.
     Содан кейін жүргізуші Наурыз мерекесінің тарихын айтып берді.
     Іс-шара барысында жалынды тақпақтар айтылды.
     Ахметова Руфина Құрманғазының «Балбырауын» атты күйін фортепианода орындады.
     Бұл күндері ұлттық дәстүрлерді сақтауға өз үлесін қосқан адамдарды айтпауға болмас. Олардың бірі ұлы Абай Құнанбаев болды. Жиналғандар назарына кейбір қазақ тілді сөздердің  3  нұсқасы: қазақ тілінде, орыс тілінде және өлең түріндегі ерекше

21 наурыз
     Көктемгі Наурыз мерекесі қарсаңында Степное ауылының кітапханашысы Джузикеева Кукенай «Наурыз тойы мереке, салт дәстүрім береке» атты библиокафе дайындады, оның мақсаты – оқушылардың Наурыз мерекесі туралы түсінігін және мерекелік көңіл-күй қалыптастыру. Кітапханашы оқушыларды қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстырды.  Іс-шара соңында «Пазлдар» және «Тағам жаса» байқауларын өткізді онда   балалар белсене қатысты.

21 наурыз
     Ұлттық тағамдар күні. Бұл күні әр үйде қазақтың ұлттық тағамдары дайындалады. Этнографтардың айтуынша қазақтарда 200-ден астам тағам түрлері бар.
     Жітіқара аудандық кітапханасының кітапханашысы Турабаева Турсунгуль «Ас жүрген жер-береке» = «Еда в изобилии» атты аспаздық этюд дайындады, онда қазақтың ұлттық тағамдарының бірі «Пәтір нан» дайындау бойынша шеберлік-сыныбын өткізді.

20 наурыз
     Даналық және білім күні. Бұл күні балалар өздерінің зияткерлік әлеуетін дамыту және ұлттық фольклормен танысу мақсатында мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар, эпостардан үзінділер оқыды.
     Аудандық кітапхананың кітапханашысы В. Тулубаева «Ата салтын ардақтайық» фольклорлық кемпірқосақ дайындады. Бейнероликте тамыры тереңге кеткен қазақтардың халық ауызша шығармашылығы туралы айтылады. Отан туралы, отбасы туралы, бірлік туралы, достық туралы және т. б. кейбір қазақ мақал-мәтелдерінің мысалдары келтірілді.
     Мақал-мәтелдер ғасырлар бойы ауызша айтылып, қазіргі ұрпақтың жадында сақталған.

19 наурыз
     Аудандық мәдениет сарайында Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерт өтті. Жітіқара АОКЖ балалар кітапханасының меңгерушісі Егорова Римма және оқу залының кітапханашысы Ахметова Любовь ұйымдастырған «Наурыз мейрамға барлығын шақырады» = «Наурыз на праздник всех зовет»  кітап көрмесін ұсынды.

19 наурыз
     Спорт және шеберлік күні. Наурыздың мерекелік он күндігі ұлттық спорт түрлеріне арналған. Ересектерге арналған ипподромдарда көкпар, бәйге, қыз қуу, жамбы ату, аударыспақ ұйымдастырылады. Балалар үшін асық, ләңгі, тоғыз құмалақ, дойбы ойындары, арқан тарту, қаптармен жүгіру, садақ ату, күрес, ақсерек және көксерек және т.б. бойынша жарыстар ұйымдастыру үшін арнайы орындар дайындалуда.
Аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Егорова Римма қазақтың ұлттық ойындары туралы бейнеролик дайындады.

Просмотров: 209 | Добавил: warlock | Рейтинг: 0.0/0
Поиск
Календарь
«  Март 2021  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Архив записей

Copyright MyCorp © 2025
Сделать бесплатный сайт с uCoz