«Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жітіқара аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
26 қаңтар Жітіқара аудандық кітапханасының аудармашысы Байбулова М. К. аудан тұрғындары үшін «Заман» радиосында «Мемлекеттік тілді дамыту – еліміздің табысты дамуының кепілі» атты әңгімесін жазды. Іс-шараның мақсаты: латын графикасының негізінде жаңа әліпбиге көшудің маңыздылығы мен қазақы айтылым мен жазылу талаптарын жүйеге түсіру. Әңгіме барысында Мадина Керемтайқызы латын графикасына көшудің тиімділігін түсіндірді. Әңгіме 2021 жылдың 29 қаңтарында сағат 17:00-де эфирге шығады.