Четверг, 03.07.2025, 20:16
Приветствую Вас Гость | RSS

«Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Жітіқара аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа

Главная » 2021 » Январь » 20 » Жаналықтар
13:16
Жаналықтар

 

20 қаңтар 
     Аудандық балалар кітапханасы ZOOM платформасында «Білімқұмарлардың басты жолдасы» атты кітапханалық ойын сабағын өткізді. 
     Сабақтың мақсаты – оқушылардың: энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалар туралы білімдерін кеңейту, қызығушылығын ояту,оларды пайдалануға үйрету. 
     Кітапханалық сабақта № 3 мектептің 4 Г сыныбы қатысты. Барлығы 17 адам. 
     Кітапханашылар кітапхананың анықтамалық аппаратымен, энциклопедияларымен, сөздіктер мен анықтамаларымен балаларды таныстырды. Іс-шара соңында «Анықтамалық әдебиетпен қалай дұрыс жұмыс істеу керек?»  атты шағын  блиц-сауалнама өткізілді.  

 

  

18 қаңтар
     Жітіқара аудандық кітапханасында ОКЖ қызметкерлері үшін  «2020 жылғы Жітіқара ОКЖ қызметін талдау»=«Анализ деятельности Житикаринской ЦБС за 2020 год» атты онлайн кеңес семинары ұйымдастырылды.
     Семинар жұмысына «Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдері дамыту бөлімі» ММ басшысы Әлмұхамедова Ж.А. қатысты. Жаңылдық Алтайқызы семинарға қатысушыларға қошемет көрсетіп, 2021 жылы мәдениет мекемелері жұмыс істейтін басым бағыттар туралы айтты. Сөз соңында «Жітіқара АОКЖ» КММ әлеуметтік желілерді дамытуға қосқан үлесі және уақытылы және сапалы жарықтандырғаны үшін Ұлттық кітапхананың алғыс хаты Згоник Галина Дмитриевнаға табысталды.
     Семинар жұмысын әрі қарай АОКЖ директоры Ә.А.Жұмағулова жалғастырды. Әсем Ахметвалиевна белгілі бір бағыттар бойынша кітапханалардың оң тәжірибесіне тоқталып, өткен жылдың қорытындысын шығарды, сондай-ақ кемшіліктерінде атап өтті. Соңында сұрақтарға жауап беріп және әріптестерге олардың еңбегі үшін алғыс айтты..
     Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Р. А Яковлева 2021 жылдың  басым бағыттарымен  таныстырды. Римма Анатольевна «Тәуелсіздігіміздің  30 жылдығы», Қостанай облысының 85 жылдығы, Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдығы, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы, Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығы,Абдрахман Досовтың 70 жылдығы, Ақылбек Шаяхметтің 70 жылдығы сияқты маңызды оқиғаларға назар аударды.
     Әрі қарай Тутина Ботакоз Қалиқызы «Бір ел – бір кітап» атты республикалық акция туралы айтып берді.  Биылғы жылы жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылып, 5 жанр таңдалды, олардың әрқайсысымен семинар қатысушыларын таныстырды. Сөз сөйлеу таныстырылыммен сүйемелденді.
     Әдіскер Г. Д. Згоник Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласымен таныстырып және әріптестермен алдағы жоспарларды талқылады. 
     Кеңес-семинарда басқада маңызды сұрақтар қарастырылды.

Просмотров: 195 | Добавил: warlock | Рейтинг: 0.0/0
Поиск
Календарь
«  Январь 2021  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Архив записей

Copyright MyCorp © 2025
Сделать бесплатный сайт с uCoz