Четверг, 03.07.2025, 19:47
Приветствую Вас Гость | RSS

«Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Жітіқара аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа

Главная » 2020 » Март » 6 » Жаналықтар
09:31
Жаналықтар

13 наурыз
     Пригородный орта мектебінде 5-8 сынып оқушыларымен «Қызықты латиница» Ақпараттық минуты өтті.
     Ауылдық кітапхананың кітапханашысы балаларды «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаламен таныстырды. Латын графикасына көшудің алғышарттары туралы әңгімелестік, ежелгі түркі жазуы тарихын еске түсірдік. ТМД елдерінің жазбаша тілдерін талқыладық. Латын графикасына көшудің жағымды жақтары туралы әңгімелестік.

 

4 наурыз
     Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасынан жариялаған «Бірге оқимыз, дауыстап оқимыз!» атты облыстық науқан аясында, аудандық балалар кітапханасында «Ғасырлар бойы жетелеген даналық» атты әдеби сағаты өтті. Іс-шараға № 4 мектептің 8 сынып оқушылары қатысты.
     2020 жылы біз Ұлы Абайдың 175 жылдығын тойлаймыз. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің мақаласында «ХХІ ғасырдағы Абай және Қазақстан» қазақстандықтардың назарын ұлы ойшыл мұрасының шексіз маңыздылығына аударды.
     Абай Құнанбаев екі ғасырға жуық уақыт ішінде әр түрлі ұрпақтарды ойының тереңдігімен және тілінің жарықтығымен таң қалдыруда. Оның танымалдығы қазақ жерінің шекарасынан өтіп, оның таланты бүкіл әлемнің меншігіне айналды.
     Жүргізушілер балаларға философ, ойшыл, ақын Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімеледі.
     Е. Есжанов  атындағы №  9 орта мектеп оқушылары -  Ізтілеуева Айгерім, Елубаева Дильназ және Игламов Алан Абайдың шығармаларын оқыды. Дарын (МБШ)  домбырашылар ансамблінің орындауында әйгілі күйлер шырқалды.
     «Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы  Ж. А. Әлмұхамедова және «Шаңырақ» мәдени орталығының жетекшісі Ж. К. Байнакатова қазақтың ұлы ақыны және қоғам қайраткері Абай Құнанбаевты мерекелеудің маңыздылығын атап өтті. Жітіқара АОКЖ директоры Ә.А. Жұмағұлова орталық аудандық кітапхананың абонементі «Абайды оқимыз» науқанын өткізіп жатқаны туралы айтты.

Просмотров: 286 | Добавил: warlock | Рейтинг: 0.0/0
Поиск
Календарь
«  Март 2020  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Архив записей

Copyright MyCorp © 2025
Сделать бесплатный сайт с uCoz