
14 ақпан
Күні Мәдениет сарайының фойесінде орталық аудандық кітапхана "Жад бізді Ауғанстанға қайтарады" атты көрме-инсталляция ұйымдастырды. Көрмеге Ауған соғысының тарихы туралы материалдар, сондай-ақ Ауған соғысы туралы проза мен поэзия ұсынылды.

14 акпан
Орталық аудандық кітапхана қызметкерлері және С. Б. Ташманқұлова № 12 орта мектептің 10 "А" сынып оқушылары үшін " кітапхана есік ашады» атты экскурсия өткізді. Кітапханашы Б. К. Тутин оқушыларға аудандық орталық кітапхананың тарихымен таныстырып, аудандық кітапхана өткізетін мәдени іс-шаралар туралы, қанша оқырмандарға қызмет көрсетілетінін, кітапханада оқу залында анықтамалық аппараттың яғни энциклопедиялардың, сөздіктердің және анықтама кітаптардың ерекше орынын алатынын атап өтті. Сондай-ақ "кітап қоры"," анықтамалық аппарат " және т. б. ұғымдармен таныстырып өтті.
Ботакөз Қалиқызы 2020 жылдың басымдықтары туралы айтты. Жыл бойы Еріктілер жылына; Алтын Орданың 750 жылдығына мерекеге дайындалуына және өткізілуіне; Екінші дүниежүзілік соғыстың 75 жылдығынна; Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына; Конституцияның 25 жылдығына; Әл-Фарабидің 1150 жылдығына, Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл ерекше көңіл бөлінетінінайттып өтті.
Оқу залының кітапханашысы Ташманкулова Сауле оқушыларға РАБИС кітапханалық бағдарламасы қалай жұмыс істейтінін көрсетіп, соңында "Сүйікті кітаптар беттерінен"атты әдеби викторина өткізді.

13 ақпан
Аудандық орталық кітапхана мен тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері «Абай мұрасы - адамдық асыл қазынасы» атты Абай party өткізді. Іс-шара «Шаңырақ» мәдени орталығында Е. Есжанов атындағы мектептің 8 сынып оқушыларымен өтті. Шара барысында жиналғандарға ұлы ағартушы, философ Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы айтылды. Ал қатысушылар өзара бәсекеге түсіп, қазақ классиктің өлеңдері мен «Қара сөздерін» оқыды.
Мәдениет сарайының қызметкері Косаев Абай ұлы ақынға арнап күй тартты. Іс-шараның соңында барлық Абай party қатысушылары Абай Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы» атты өлеңін орындады.
Әрбір Абай party қатысушысына Алғыс хаттар табыс етілді.

15 ақпан – бұл әскери антқа адал және жанқиярлықпен намыспен, Отанға деген адалдықты көрсетіп, елден тыс жерде соғысқан барлық интернационалист - жауынгерлерді еске алуға арналған күн.
Осы күнге байланысты аудандық кітапхана абонементі және тарихи-өлкетану мұражайы «Ауғанстан-біздің жадымыз» атты ауған-жауынгерлерімен кездесу жасады.
Іс-шараның құрметті қонақтары - Ауғанстан соғысының ардагерлері: Т. Н. Өмірәлиев, Қ.Мықтыбаев, К. Б. Бурушпаев және мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Ж.Алмұхамедова
«Жас батыр» СПТ-нің тәрбиеленушілеріне (жетекшісі М.А. Тулубаев) Ауған соғысының барлық қасіреттері туралы айтылып, соғыстың қатыгездігі мен ұлдарынан айрылған аналардың қайғысы туралы айтылатын әдеби жинақ дайындалды. Ауған соғысында қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алынды.
Іс-шарада өлкетану мұражайы «Ауғанстан - біздің жадымызда» атты тақырыптық өлкетану көрмесін, балалар кітапханасы - «Естелік бізді Ауғанстанға қайтарады» атты кітап көрмесін ұсынды, оны мұражай мен балалар кітапханасы өткізді. Көрмелерде өз боршын толықтай орындаған адамдардың әскери өткенін көрсететін құжаттар ұсынылды.
Кітапханалық іс-шараларға жиі қатысушы Ю. Яковлев «Виват, Шурави!» әнін орындады.
Іс-шара соңында «Жеңіс Күнімен! С Днем Победы!». құттықтау науқаныны еріктілер жылы мен Екінші дүниежүзілік соғыстың 75 - жылдығына берілді. Науқанның мәні әр ардагерді, барлық соғыстарға қатысқаны үшін құттықтау. Абонемент қызметкерлері шақырылған ауған соғысының ардагерлеріне құттықтау ашық хатымен мен шағын кәде сый дайындады. |