
31 қазан
Мектеп демалысы кезінде № 12 мектеп оқушылары танысу мақсатында аудандық кітапханаға барды. Олар үшін қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Р. Яковлева оқу залында экскурсия ұйымдастырып, «Құқық бұзушылықтың тең қатысушысы болудың жолдары»атты зияткерлік-құқықтық ойын өткізді.
Ойын барысында күнделікті өмірде біз өз құқығымызды, міндеттерімізді жүзеге асырып, не үшін жауапты екенімізді түсінуге тырыстық.
Бірінші турда балалар викторинаның сұрақтарына жауап беріп, екінші турда-өмірлік жағдайларды анықтап, теріс қылық, құқық бұзушылық немесе қылмыс туралы сөз болып жатқан жерлерді анықтады. Ал үшінші турда тәртіп бұзушылық түрлерін атады. Содан кейін «Құқық бұзушылыққа жол бермеу жолдары» атты үлгі жаднаманы құрастырды.
Іс – шараның қорытынды сәті «Пікір ағашы» болды бұл ағашта әркім жасыл жапырақ қойды, бұл дегеніміз – мен заңға бағынышты мінез-құлықты таңдаймын, не сары жапырақ, бұл дегеніміз-мен ойланамын.
Ал қызыл жапырақ-мен өз пікірінде қаламын, балалар «Пікір ағашына» ілмеуді жөн көрді, өйткені бәрі өз елінің заңға мойынсұнушы азаматтары болып табылады.

29 қазанда
«Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ кеңейтілген алқа отырысының кітапхана басшыларының секциясында «Жарнама – табысқа жету жолы» атты ең үздік библиографиялық құралға арналған облыстық кәсіби кітапханалық конкурстың қорытындысы шығарылды. Әдіскердің Згоник Г. Д. және қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісінің Яковлева Р. А. шығармашылық жұмысы 3 орынға ие болды.
Құттықтаймыз!

24 қазан
Аудандық орталық кітапхананың оқу залында № 2 орта мектептің 9,10 сынып оқушылары үшін Махамбет Өтемісұлының 215 жылдығына арналған «Заманым менің тар болды» атты әдеби ракурсын өткізді. Махамбет – қазақтың көрнекті ақын-импровизатор, композитор, батыр, ұлт-азаттық күрес жетекшісі, халық қалаулысы, қолбасшы.
Оқушылар Махамбет өмірбаянымен танысты. Махамбет Өтемісұлы – өз халқын сүйетін және жырлаған ақын. Махамбет поэзиясы сол уақытта пайдалануға қарсы көтерілген шаруа көтерілісінің жарқын дауысы болып табылады. Өз Отанын сүйетін патриот, реалист, романтик. Ол – сөздің көркемдік тілінің шебері, қаһармандыққа шақыратын жалынды үгітші. Әдеби іс-шара барысында к Махамбеттің «Ереуіл атқа ер салмай», «Қызғыш құс» шығармаларына тоқталып өтті. Оқушылар «Махамбет» көркем фильмінен үзінділер мен бейнефильмдерді көрді. |