
19 наурыз
Наурыз мейрамы қарсаңында № 10 орта мектептің 11 сынып оқушылары үшін «НАУРЫЗ-КӨКТЕМ МЕРЕКЕСІ!» атты жастар бағдарламасы өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашылар Тутина Б.Қ және Ташманкулова С.Б. түрлі тақырыптар бойынша бірқатар викториналар өткізді: Қазақ халқының тұрмысы, Қазақ ұлттық тағамдары, Қазақ ұлттық ойындары, Ұлттық киімдер, «Бата» салты туралы және т.б. «Наурыз мерекесі туралы аңыз» ролигі, Қыдыр ата батасы, «Ұлыстың ұлы күні» бейне роликтер, сондай-ақ слайд көрсетілді.

18 наурыз
Күні аудандық орталық кітапханада Қазақстанның Өзбекстандағы жылына арналған «Өзбекстанда қонақта» атты этнографиялық викторина ұйымдастырылды. Шараға колледж студенттері шақырылды.
Іс-шараның мақсаты өзге халықтардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына жағымды және адамгершілік қарым-қатынасты қалыптастыру болды.
Балаларға өзбек халқының ғасырлар бойы салт-дәстүрлері қалыптасқаны айтылды. Өзбек этносы ғаламшарда болған ең көне этностардың бірі болып табылады. Одан әрі Өзбекстан туралы біліміне викторина өткізілді. Өзбек жұмбақтары дайындалды, олар қызығушылықпен шешілді. Ұлттық ойындар туралы айтылып, қазақ ұлттық ойындары арасындағы ұқсастықтар нақтыланды. Балалар қызықты, танымды және өз әсерлерімен бөлісті.

15 наурыз
Аудандық балалар кітапханасының оқу залында Наурыз мерекесі қарсаңында «Наурыз және оның достары туралы ертегі» атты этносаясат өтті. Кітапханашылар бай дастарханмен, музыкамен №7 мектептің 4 сынып оқушыларын және КММ «Мүгедектерге арналған Жітіқара аймақтық оңалту орталығы» балаларды қарсы алды. Наурыз мейрамын қалай қарсы алатыны, бұл мерекені қалай сақтайтыны туралы айтты.
Іс-шара барысында жүргізушілер балалармен ептілікке, шапшаңдыққа және ұқыптылыққа ойындар өткізді. Оқушылар Наурыз туралы викторина сұрақтарына жауап берді,Көктем туралы өлеңдер оқыды.
Мереке соңында кітапханашылар қонақтарды дастарханға шақырды. Іс-шараға «Наурыз - ғасырлар дәстүрі»атты көрме – инсталляция безендірілді.

1 наурыз
Аудандық кітапханада Алғыс күніне НТМ - 18 ЖПК студенттері үшін «Алғыс күні: шын жүректен, барлық жүрекпен» ақпараттық бағдарламасы өткізілді. Іс - шара барысында кітапханашы Ботакөз Тутина Алғыс күні – ортақ тарих негізінде көпұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау және дамыту, қазақтардың және барлық этностардың бір-біріне және қазақтарға қолдауының арқасында болған бірлескен қиындықтарды еске алу, сондай-ақ Алғыс күнін мерекелеу Тұжырымдамасы, Алғыс күні идеологиясы, мерекенің басты басымдықтары туралы айтып өтті. Викториналар, тренингтер, рефлексияға жұмылдыру өткізілді. Оқушылар стикерлерде біздің Қазақстан халқына тілектер жазып, оларды күн сәулесіне бекітті.
Осы күні аудандық кітапхананың барлық құрылымдық бөлімшелерінде «Ұлт ұлысқа ортақ үй – Қазақстан» атты акция өтті, бұл күні келген әрбір оқырманға ізгі тілектер жазылған ашық хат берілді. |