Четверг, 03.07.2025, 20:52
Приветствую Вас Гость | RSS

«Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Жітіқара аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа

Главная » 2019 » Январь » 21 » Жаналықтар
13:04
Жаналықтар

30 қаңтар
     Аудандық  орталық кітапхана  Жітіқара қаласының тарихи-өлкетану мұражайымен бірлесе отырып, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында,  Қазақстанның киелі орындарына шолу және Жітіқара ауданының тарихи-археологиялық орындарына «Еске алу орны» атты шолу өткізді.
     Іс-шара барысында Жітіқара политехникалық колледжінің студенттері Қазақстанның Шарын арнасы, Тамғалы тас, «Отпан тау» кешені, Ақмешіт (Ұлытау) таулары, Мұзтау (Белуха, Алтай), Қазығұрт, Хан Тәңірі шыңы, Бектау ата, Қоңыр Әулие, Жылаған-ата киелі жерлерімен, сондай – ақ «Алтын адам» -ең танымал ежелгі жерлеу орындарының бірімен танысты.
     Іс-шараның жүргізушілері: ОКЖ қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Р. Яковлева және тарихи-өлкетану мұражайының меңгерушісі А. Жулаева Қостанай облысының алты Республикалық маңызы бар киелі нысанмен таныстырды. Олар: Кейкі батыр, Әбдіғаппар хан, Ыбырай Алтынсарин, Міржақып Дулатов кесенелері, Амангелді Иманов жерленген орны, Екідің I, Екідің II салт-дәстүрлік құрылыстары.
Қостанай облысында жергілікті маңызы бар қасиетті орындар тізіміне 24 нысан ұсынылғаны атап өтілді.
     Сонымен қатар кездесуге Жітіқара политехникалық колледжінің тарихшысы Е. Х. Жакупов және тілші В. А. Лопатин шақырылды.
     Олар 1987 жылдан бастап біздің аймақта жүргізілген археологиялық қазбалар туралы, біздің аудан аумағындағы қорғандар мен геоглифтер туралы айтып берді.

17 қантар
     Аудандық балалар кітапханасында № 7 мектептің 5 сынып оқушылары үшін  «Оқылмаған кітаптар еліне саяхат» атты саяхат-сабақ өткізілді. Іс-шара балаларды кітап әлеміне баулуға бағытталған. Балалар «Оқылмаған кітаптар» ғажайып еліне саяхат жасап, жаңа заманауи авторлармен және кітап сериясымен танысты. Ойын викторинасының көмегімен балалар әдеби кейіпкерлер, жазушылар және олардың кітаптары туралы өз білімдерін көрсетті. Сондай-ақ, ұмытылған ескі және қайырымды кітаптар туралы еске алды, ал қазір қайта басылып шықты. Кітапханашы В. И. Ленгардт балаларға «Ең үздік жаңа кітап»сериясынан шыққан Абгарян Наринэ, Лаврова Светлана, Кузнецова Наталья, Веркин Эдуард және т.б. авторлардың кітаптарын ұсынды. Балалар өз кітаптарының кейіпкерлерін сүйіп көрді: Цацики, қыз Тоня, Наре, Манюню құрбындарын және т.б. «Фолиант»кітапханасының жаңалықтары қызықты болды. Жасөспірімдер кейбір авторлардың кітаптарын сол жерде оқуға алды.

Просмотров: 344 | Добавил: warlock | Рейтинг: 0.0/0
Поиск
Календарь
«  Январь 2019  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
Архив записей

Copyright MyCorp © 2025
Сделать бесплатный сайт с uCoz