Четверг, 03.07.2025, 22:08
Приветствую Вас Гость | RSS

«Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Жітіқара аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа

Главная » 2018 » Сентябрь » 5 » Жаналықтар
17:16
Жаналықтар

    2018 жылдың қыркүйек айында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы, «Даңқ» орденінің иегері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да наградаларымен наградталған генерал-лейтенант Мәлік Сапаров 60 толар еді.
     Осы күнге байланысты Жітіқара аудандық кітапханасы  «Отанға қызмет етуге арналған ғұмыр» атты көрме-естелік ұйымдастырды.
     Аудандық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Р. А. Яковлева Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қызметкерлері үшін көрмеге шолу жасады, генерал өмірбаяндары және аудандық кітапханада М. М. Сапаров туралы әңгімеледі.
     Өзінің қысқа қызмет мерзімі ішінде Мәлік Мұхамеджанұлы взвод командирінен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына дейінгі лайықты кәсіби жолынан өтті, Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштерін құру, оқу, қызмет ету және өмір сүруге жеткендердің жүрегінде өзіне жақсы естелік қалдырды.

14 қыркүйек
     Біздің кітапханада НПО- 18 тобының Жітіқара политехникалық колледжінің студенттеріне арналған «Ана тілі әрқашан тұғырда» атты эрудиттер байқауы өткізілді.
     Іс-шара Қазақстан халқының Тілдер күніне арналған. Бұл іс-шараға Бучко Илья, Чернавцева Диана, Жакупова Аяна, Бубенко Татьяна, Овчинникова Анна, Сергеев Денис белсене қатысты.
     Байқау  барысында өз күшіне сенуге, тұлғаның коммуникативтік қасиеттерін дамытуға, өзара сыйластыққа бағытталды, әсіресе, үштілділікке ерекше көңіл бөлінді. Сайыс қызықты және көңілді өтті.
     Бучко Илья ең білімді сайыскер болып танылды.

13 қыркүйек
     «Рухани жаңғыру»бағдарламасын жүзеге асыру аясында, Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай аудандық балалар кітапханасында «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»атты танымдық сағат өткізілді. Оған № 4 мектептің 6 сынып оқушылары қатысты.
     Іс-шара қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде өткізілді. Жүргізушілер Қазақстан халықтарының тілдер күні  -  бұл  көпұлтты тұратын халықтар достығының мерекесі екенін айтты.
     Оқушылар тіл, мәдениет, тарих туралы қызықты тапсырмалар ойлап тапты. Балалар «Мақал-мәтелдерді бейнелеу», «Қазақ туысы», «Аудармашы», «Тілек», «Латын әліпбиінде сөз тап»байқауларына белсене қатысты.
     Іс -шара соңында  «Әр халықтың тілі, көркем және ұлы» атты әдебиеттерге шолу жасалды.

12 қыркүйек
     Аудандық орталық кітапханада № 2 орта мектебінің 10 сынып оқушылары үшін Қазақстан Республикасының Тілдер күніне арналған
«Тіл реформасы: қазақ тілінен латын әліпбиіне көшу» тақырыбы бойынша таным сағаты өтті.
Іс-шараға «Нұр Отан» партиясы Жітіқара аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихатының депутаты Нұрлан Зарлықұлы Оразалинов және кеңесші Исмукашев Арман Айтбаевич қатысты.
     Кітапханашы іс-шара барысында оқушыларға латын әліпбиі көшуіне маңыздылығы туралы айтты. Бұл еліміздің латын әліпбиіне көшу ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз. Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ үшін әлдеқайда маңыздырақ екенін жеткізді.

9 қыркүйек
     Отбасы күні мерекесі қарсаңында аудандық балалар кітапханасы «Кітапхана және отбасы - ажырамайтын достар» атты байқау бағдарламасы өткізілді.
     Алдын ала кітапхана «Менің отбасымның елтаңбасы» шығармашылық шеберханасын өткізді, оның қорытындысы бойынша 3 команда іріктелді: Янгильдиндер, Селищевтер және КММ «Жітіқара балалар мен жасөспірімдерге арналған баспанасы» командасы. Ойын 5 кезеңнен тұрды: «Отбасының визит карточкасы», «Көрінбейтін -  кейіпкер», «Мақал-мәтелдерді жинаңыз», «Отбасылық викторина», «Анасының есімін латын әліпбиінде жаз».
     Ойын бағдарламасының негізгі мақсаты-іс-шараға қатысушылардың оқуға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, ең оқыған, білімді отбасын анықтау. Барлық командалар  «Танысайық!» үй тапсырманы орындады, өз отбасы, сүйікті кітаптар туралы айтты. Жанкүйерлер де шетте қалмады, олар командаларды қолдады,викторинаның сұрақтарына көңілді және тату жауап берді. Іс-шара соңында қатысушыларға естелік сыйлықтар мен тәтті сыйлықтар берілді.

6 қыркүйек
     Аудандық орталық кітапханада Отбасы күніне арналған «Ең қайырлы және ең жарқын мереке – отбасы күні»,   «Самый добрый и самый светлый праздник – День семьи» іс-шара өтті.
     Оған Жітіқара политехникалық колледждің нГЭ-17 тобының студенттері  қатысты. «Отбасы»  ұсынатын командалар таңдалды. Ойыншыларға арналған тапсырмалар әртүрлі болды. Бұл «Жаттығу», онда отбасы туралы мақал – мәтелдер және ер адам мен әйел қандай қасиеттерге ие болу керектігі туралы ой-пікірлер көрсетілді. «Менің арманымның үйі»конкурсында команда қатысушылары өздерінің армандарының үйін қалай елестететін суреттерімен таныстырды.  
     Ойын өте қызықты және көңілді өтті.

5 қыркүйек
     Аудандық орталық кітапханада №10 орта мектептің 10 сынып оқушылары үшін «Терроризм: оның құрбаны болмау жолдары» атты әңгімелесу сағаты өткізілді.
     Кітапхана қызметкері балаларға «терроризм», «террор» деген не айтып берді?, «Террористер» деген кім?, «Азаматтық қырағылық дегеніміз не?» «Күдікті заттар табылған кезде қандай әрекеттерді қолдану қажет?» басқа да маңызды мәселелер балалармен бірге талқыланды.
     Оқушылар террорлық акт қаупі төнген жағдайда өзін-өзі ұстау ережелерімен танысты, «Егер болса..» деген ойын жүргізілді, Ақтөбе қаласындағы аумақтық акт туралы бейнеролик көрді.

4 қыркүйек
     Аудандық орталық кітапханада «Рухани жаңғыру»  бағдарлама шеңберінде «Ол – дәуірдің тағдыры, намысы» әдеби квест өткізілді. Бұл әдеби квест ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері,қазақ халқының рухани көсемі, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлына арналған.Бұл іс-шараға «Лидер» жастар ресурстық орталық мүшелері, ЖПК «Дебаты» клубының мүшелері және мәдениет қызметкерлері қатысты.Квест ойыны «Саяси», «Шығармашылық» және «Халықтың жадында мәңгілік» 3 станциясынан құрылды. Әрбір станцияда берілген тақырып бойынша кітаптарда жауап табуға болады. Ойынға  ЖПК-дан Хамза Қамрат, Қайырбаев Танат, Яровой Александр, жастар ресурстық орталығынан Санакова Амина, Илеуова Алмагүл қатысты. Әрбір станциясында дұрыс жауапқа әріптер қолға берілді, ойын соңында «Байтұрсынұлы» кілт сөзі жасалды.Ойын барысында бейнеролик ұсынылды.

 

Просмотров: 501 | Добавил: warlock | Рейтинг: 0.0/0
Поиск
Календарь
«  Сентябрь 2018  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Архив записей

Copyright MyCorp © 2025
Сделать бесплатный сайт с uCoz