
28 наурыз
Балалар кітапханасымен ұйымдастырылған театралдық ұсыным нысанында «Кітаптар әлемі бойынша саяхат» дәстүрлі «Кітапханалық аптасы» ашылды.
Іс-шара өте мазмұнды, танымдық және ойын-сауықты өтті. № 9 орта мектебінің 4-сынып оқушылары мен Жітіқара баспанасының балалары мереке тарихымен танысты, олар үлкен қызығушылықпен кітаптар туралы әңгіме тыңдады.
Оқушылар «Кітап» викторина сұрақтарына белсенді түрде жауап берді, «Мақалды жина» байқауына қатысты.
Кітапханашылар дәстүр бойынша кітаптар мерекесінде кітапхананың ең үздік оқырмандарына құрмет көрсетті. Биыл ең үздік оқырмандар Соболев Григорий, Петрова Анастасия, Шпак Ольга, Тұрғымбаевтар Даниил мен Виктория болды. Оларға сыйлықтар табыс етілді.
Іс-шараға «Кітаптың туған күні!» атты кітап көрмесі безендірілді.

21 наурыз
«Заман» радионың тыңдаушыларына «Наурыз үйге келеді!» деген сұхбат ұсынылды. Сұхбаттың басында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлттық дәстүрлер туралы сөздер айтылды. Экскурсте Наурыз мерекенің мәңгілік мағынасы, адамдар арасындағы жақсылық пен түсіністік
ұсынылды.
Әңгімеде («Латын әліпбиі – болашағамыз») қазақ тілі реформасының нәселесі қозғалды. Қазақ тілінің латын графикасына өтеуі өзара түсіністікті нығайтып, ұлттар арасындағы достықты сақтайды.

20 наурыз
Аудандық орталық кітапханасының оқу залында «Төрлет, Наурыз – жыл басы!» атты этно - саяхаты өтті. Іс – шараға № 2 орта мектептің 11 сынып оқушылары қатысты. Этно - саяхат барысында оқушылар « Төрлет,Наурыз!- қазақстандық жұлдыздардың клипы, «Наурыз туралы аңыз» - мультибейне; «Наурыз мейрамы құтты болсын!» бейнеролик; слайдтарды қарап; «Наурыз тойы»; «Қазақ осы» әндерді; Қыдыр атаның тілегін тыңдап риза болды. Іс – шара соңында оқушылармен викторина өтті,кітапханашы қорытынды сөз сөйлеп, оқушыларға ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тілек айтты. Іс – шара мемлекеттік тілде өтті.

20 наурыз
«Әлемдік тәжірибе: кириллицадан латынға дейін» атымен кітапхана оқырмандарына арналған түсіндірме жұмыстары болып өтті. Жиын барысында оқырмандар кириллица әріптерінің жазылу тарихымен танысып, іс жүзінде жүзеге асырып кириллицадан латын алфавитіне көшкен бірнеше елдермен танысты. Жиын сонында оқырмандарға «Наурыз құтты болсын!» сөзін жаңа графикамен жазуға тапсырма берілді.

16 наурыз
Күні Жітіқара аудандық кітапханасында Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тұсаукесері өтті, қатысқандар: политехникалық колледж оқушылары, қаланың мектеп оқытушылар мен кітапханашылар.
Іс-шараға шақырылған конақтар: «Жітіқара ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің»ММ басшы Ақтаева С.Ж.; ҚР Қоғамдық Кеңес төрағасы, мемлекет қызметінің майталманы Бурдюг Г.А.
Іс-шара Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» жаңа кітап шығуына арналған,кітап өз еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады.
Тұсау кесерінің міндеттері: кітапхана қорын насихаттау; патриоттық сезімін тәрбиелеу; өз елі, халық үшін мақтаныш сезімін, ұлттық қадір-қасиет сезімін қалыптастыру.
«Тәуелсіздік дәуірі» кітап туралы Бурдюг Г.А., Ақтаева С.Ж., Миллер Е. өз пікірлерімен бөлісті.

6 наурыз
Халықаралық әйелдер күніне қарсаңында аудандық орталық кітапханасында «Көктемгі алғашқы күндері арасында 8 наурыз – барлығынан қымбат!»әдеби-музыкалық калейдоскобы өткізілді.
Іс-шараның қатысушылары политехникалық колледж ГЭ-17 тобының студенттері болды. Қазақ және орыс классиктерінің өлеңдер мен романстар айтылды.
8 наурыз мереке күніне арналған викторинада, жеңімпаздар атанды – олар: Крутик Елена, Майданкина Виктория, Сафронова Алина. Ал рыцарьлар сайысында – Тәутенов Әділ және Зуй Евгений жеңімпаздар болды.
Жеңімпаздар шағын сыйлықтар алды.

4 наурыз
«Самғау» кітапхананың әдеби клубы өз қонақтары мен сенімді достарымен алғашқы көктем күндерін ерекше қарсы алды.
4 наурыз күні аудандық кітапхананың оқу залында «Көктемгі көңіл-күй» атты музыкалық- ақындық кеші өтті, әдеби клубының ақындары авторлық өлеңдерін, сондай-ақ әйелдер сұлулық, махаббат пен нәзіктікке арналған ақындардың шығармаларын оқиды.
Кештің барысында гитарамен музыкалық композициялар айтылды. Асадовтың, Евтушенконың, Блоктың, Пастернактың және басқа да ақындардың өлеңдері айтылды, қонақтар көңіл-күй жылыумен,көшеметпен, ән орындаушылар мен бірге әндеді.
Кештің соңында игілікті сөзбен және украин тілінде өлеңмен Мария Ивановна Калинина айтты. Любовь Васильевна Шерешева ана туралы өлеңдер оқиды.
Өлеңдер мен әндерден басқа, көрермендер ұлы адамдардың әйелдері мен жұбайлары туралы, өмірде әдебиет, өнер және саясатта із-ғылым қалдырған өмірбаяндық деректері берілді.

2 наурыз
Жітіқара аудандық кітапханасы УК 161/3 мекемесінің сотталған үшін «Алғыс күні» ақпараттық-танымдық бағдарламасын өткізді.
Бағдарлама барысында жаңа мереке туралы айтылды және кітапханашылар Қазақстанда тұратын халықтарға арналған кітаптармен таныстырды.
Олар бір-біріне алғыс және ризашылық білдіру сөздер айтты.
Іс-шараның мақсаты қазақстанда қоныстанған халықтар арасындағы яғни болашақ үшін, еліміздің гүлденуі үшін, қажет тұрақтылық ішінде мемлекеттер, достық пен келісімді тыңдаушыларға жеткізу.
Өйткені кездейсоқ емес, 2018 жылға Қазақстан халқына «әлеуметтік-экономикалық жетістіктер ел – азаматтық бейбітшілікті, ұлтаралық және конфессияаралық келісім қалып отырған еліміздің негізгі басты құндылығы» - деп, мемлекет Басшысы өз Жолдауында атап өтті.
Акция «Рухани жаңғыру» бағдарламасын көпшілікке таратуына және одан әрі Алғыс күні маңыздылығын қоғамда нығайтуға ықпал етті.

1 наурыз
№2 орта мектебінің оқушыларымен Ризашылық күніне арналған «Қазақ еліне тағзым» атты ризашылық марафоны өткізілді.
Мереке соңында қонақтар мен оқушылар тақырыбы «Қазақ еліне тағзым» аясында ұйымдастырылған кітап көрмесін тамашалап, мереке жайлы сөз шеріп ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

1 наурыз
Жітіқара аудандық кітапханасында «Қайырымды көршіге рахмет!» («Спасибо добрым соседям!») акциясы аясында Өңірлік оңалту орталығы емдеушілер үшін «Қайырымды Ел»
қайырымдылық акциясын өткізді.
Акция барысында бір-біріне алғыс және ризашылық білдіру сөздер айтылды. Өңірлік оңалту орталығы емдеушілерімен «Ризашылығымызды білдіре аламыз ба?», «Сөзді айтып бітір» ойындар, «Сөзжұмбақ» конкурс және тағы басқа ойындар жүргізілді.
Емдеушілер бірлесіп әр түрлі тақырыптар бойынша ән шырқады.
Барлық іс-шара барысында қонақтар хош иісті шай ішіп, қазақ және орыс дәстүрлі тағамдарды дәмдеді.
Акция «Рухани жаңғыру» бағдарламасын көпшілікке таратуына және одан әрі Алғыс күні маңыздылығын қоғамда нығайтуға ықпал етті. |