Пятница, 04.07.2025, 00:05
Приветствую Вас Гость | RSS

«Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Жітіқара аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа

Главная » 2018 » Февраль » 6 » Жаналықтар
14:58
Жаналықтар

 

21 ақпан
     Аудандық балалар кітапханасында телевизиялық ойынға ұқсастық бойынша Астананың 20- жылдығына арналған «Болашақ - латын әліпбиінде» ғажайып алаң ойыны өтті. Ойынға№10 орта мектептің 6 сынып оқушылары қатысты. Ойын тур алаңына сұрақтарға дұрыс және бірінші жауап берген балалар шықты.
     Негізінен, ойын қатысушыларға  2018 жылғы 19 ақпандағы Президент Н. Ә. Назарбаев бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінде тапсырма берілді.
Ойын барысында балалар өз Отаны туралы білімдерін бекітті, сондай-ақ тарихы туралы көптеген жаңа және қызықты ақпараттарды білді.
     Ойын көңілді, достық атмосферасында өтті. Оқушылар өз білімдеріне және алған сыйлықтарына риза болды.

19 ақпан
     Күні аудандық мәдениет Сарайында Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20- жылдығын өткізуіне байланысты көркемөнерпаздарының облыстық байқауы өтті.
     2018 жылы Жітіқараның 90 жылдығы атап өтіледі, осыған орай   аудандық орталық кітапхана «Жітіқара ауданы келбетінің ерекшеліктері» және «Асқақ әнім, Астана!»  көрме-экспозициясыларын ұсынды.

18 ақпан
     «Самғау» клубының кезекті отырысы ерекше формата өтті. Жітіқаралық ақын Олег Фогельдің шығармашылық кеші жүргізілді.
     Іс-шараның мақсаты: жітіқаралықтарды жергілікті автормен таныстыру, кітап оқуға, шығармашылыққа адамдарды тарту, жас ұрпақ арасында поэзияны  насихаттау.
     Кеште авторлық орындауында өлеңдер айтылды, көрермендер ақынға өз сұрақтарын қойды және  өз ойларын ортаға салды. Барысында Андрей Хоменко мен Шоқан Ткеновтың  орындауында музыкалық композициялары айтылды.
     Кеш бірнеше бөлімнен тұрды,  автор әр жыл бойынша жанрға  бөлінген өлеңдерді оқиды. Мәселен, бірінші жартысында көрермендер ерте өлеңдер мен  махаббат лирикасын тыңдады, бұдан әрі әзіл, философиялық өлеңдерді тындады,соңында Олег Фогель өзінің рухани тақырыбына байланысты тамаша өлеңдерін оқиды.

16 ақпан
     Аудандық балалар кітапханасы музеймен бірлесе отырып «Масленица идет - блин да мед несет!» фольклорлық мейрам өткізді.
Іс-шараға №12 мектептің 5-ші сынып оқушылары  белсене қатысты.
Іс-шара барысында балалар Масленицаны тойлау тарихымен және салт-дәстүрімен танысты. Балалар үлкен шабытпен әр түрлі сайыстарға қатысты: «Үш аяқ», «Қармен», «Құймақ викторинасы», «Допты бер» және Масленица  қуыршақтарды дайындау шеберлік сабағын берілді.
     Оқушылардың назарына «Масленица ханым» жарқын кітап көрмесі ұсынылды, онда орыс халқының жоралар мен салт-дәстүрі туралы және музей ұсынған  көне заттар-үй тұрмыстары көрсетілді.
Үстелдің басты әшекейі құймақтар мен  тәттілер болды.
     Әрине, балалар кітапханада болған кезінде бүкіл уақыт орыс сарафанында сұлу Масленица  және көңілді Скоморох болды, халық музыкасы  туралы көп жақсы ән тыңдалды, әрине,  көп құймақ берілді. Балалар кітапханада болған   көңілді минуттерін талқылады.

  

16 ақпан
     Жітіқара аудандық кітапханасы мүгедектер қоғамымен бірлесіп «Біздің Масленица,   сен бізге мейірімділікпен келдің!» атты мерекелік-ойын бағдарламасы өтті. Масленицаның  мерекесін кітапханада өткізуі дәстүрге айналған. Бағдарлама барысында  Масленица туралы  мерекелік ойындар, викториналар, жұмбақтар айтылды. Мүгедектер қоғам мүшелері көктем туралы әндер мен тақпақтар айтты.  Кітапхана оқырманы Овчарук Н. барлық қатысушыларға өлең түрінде денсаулық пен жақсылық туралы тілек берді.
     Іс-шара соңында кітапхана қызметкерлері әдейі қатысқандарға, құймақ, кәмпит пен хош иісті шай берді.

 

15 ақпан
     Аудандық орталық кітапхана Жітіқарадағы өкілдік  КММ «Облыстық тарихи – өлкетану музеймен» бірлесіп Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылғанына   іс – шараға қатысты.Осы іс- шараға орай «Ауғанстан: мәңгілікке кеткен күндері» көрме – экспозиция ұсынылды.

 

15 ақпан
     Аудандық балалар кітапханасының оқу залында В.В. Чаплинаның 110 жылдығына арналған «Сүйікті үй хайуанаттар» атты экологиялық ойын өтті.
Жазушысының өмірі және шығармашылығымен № 12 мектептің 3-сынып оқушылары танысты. Оқушылар  «Каптағы мысық», «Сенемін, сенбеймін» «Жас натуралист» конкурстық жарыстарға  және  «Мен білемін» викторинаға  қатысып, Вера Чаплинаның зообағына барып, оның мекендеушілерімен танысты. Балаларға үй тапсырмасы берілді: үй жануарларды суреттеуге.
Балалар өз суреттерін таныстыра отырып, өз сүйікті үй асырандылары туралы, ерекшеліктері, тамақтану туралы, күлкілі эпизодтар туралы  айтты.
Әрбір оқушы өз сүйікті жануарлар күту және ұстау ерекшеліктері туралы тәжірибесімен бөлісуге тырысты.
Қатысушылар өздері қорытынды жасады: жануарларды баулуды үшін, жазушы Чаплина В.В. сияқты оларды сүю керек және оған қамқорлық жасау керек.
     Іс-шара соңында «Менің пәтерімде хайуанаттар» атты әдеби шолу өткізілді.

13 ақпан
     Шевченковка селосының  №9 кітапхана бөлімшесінде Шевченковка мектептің оқушылары үшін «Латын әліпбиі: зейін және зерде» ақпараттық сағат жүргізілді.Барлығы 5-8 сынып оқушылары  қатысты.   Оқушыларға тұсаукесер ұсынылды, олар тұсаукесер барысында, Қазақстанда  латын жазуына көшу өзектілігі туралы білді. Кейін, олар нағыз латын алфавитпен, оның шығу тегімен танысты, қандай тілдер болды, қазақ тілі мен латын алфавитті салыстырды.
Ақпараттық сабақтың соңында оқушылар өз аты-жөнін латын әліпбиінде жазуға тырысты.

 

7 ақпан
     Аудандық балалар кітапханасында «Неге пингвиндер баспадан қорықпайды?» атты әдеби-сауықтыру сағаты өтті. Іс-шараға №4 мектептің 4 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында кітапханашы жас оқырмандарға пайдалы және зиянды әдеттер туралы, дұрыс тамақтану маңыздылығы туралы, өзіне күтім жасау туралы және спортпен айналысу туралы айтты. Балалар викторинаға қатысты, салауатты өмір салты туралы жұмбақтарды шешті, конкурстарға қатысты және көңілді ойындар ойнады.
     Іс-шара соңында оқушылар «Неге пингвиндер баспадан қорықпайды?» сұраққа жауап беруге тырысты.

6 ақпан
     Аудандық балалар кітапханасы № 12 мектептің 6 сынып оқушылары үшін «Кітапханаға қош келдіңіз»  саяхат өткізді.
     Кітапхананың оқу залында балалар үлкен қызығушылықпен бояу мұқабадағы жаңа кітаптармен танысты. Балалардың назарына әр түрлі балалар журналдары, энциклопедиялар, суретті анықтамалар ұсынылды.
Абонементте (үйге әдебиет беру залында)  – балалар  ғажайып қалада болды,  көшелер орнына - кітап сөрелерінің қатары тұр, қабат орнына- кітап сөрелері бар, үйлер орнына – кітаптардың томдары тұр. Ал әр үйдің өз атауы бар. Балалар қала тұрғындарымен танысты  -  олар әдеби кейіпкерлері.
Кітапханашы балаларға абонементтегі кітаптар туралы айтты, әр кітап тақырып бойынша қойылған: жануарлар, ғарыш, техника, тарих және т. б.
Оқушыларға оқырман формуляры туралы, кепіл болушылық  мағлұмат берілді және кітапхананы пайдалану ережелерімен таныстырды.
Соңында балалар танымал ертегі кейіпкерлері және кітаптар туралы
жұмбақтар шешті.

6 ақпан
     Аудандық орталық кітапханасында  №2 орта мектеп оқушыларымен «Ерлік – елдіктің нышаны» атты тарихы сағаты өтті.
Мақсаты:Батырлардың рөлін, Орбұлак шайқастағы ерліктерді, әскери өнер көшпелілерді сипаттау және қазақ  соғыстардың  әрекеттерін бағалау.
     Орбұлақтағы ойрат пен қазақтың тектілері «Арамызды шаhар байласын, шаhар байламаса, заhар шайнасын»деп анттасқан көрінеді.
     Биыл Орбұлак шайқасына -375 жыл.
     Тарих сағат барысында оқушыларға бірнеше тапсырма берілді.
     Олар: І. Интеллект разминка;
     ІІ. Конверттегі сұрақтар;
     ІІІ. Хронологиялық ретінде дата бойынша хандарды атауы керек;
     ІV.Қазақ даласындағы ірі шайқастармен таныстыру
     Іс – шара барысында бейне фильмдер, слайдтар көрсетілді және Орбұлақ шайқасы туралы әдеби көрініс безендірілді.

Просмотров: 492 | Добавил: warlock | Рейтинг: 0.0/0
Поиск
Календарь
«  Февраль 2018  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728
Архив записей

Copyright MyCorp © 2025
Сделать бесплатный сайт с uCoz