
24 желтоқсан
Келе жатқан мереке де жақындап келе жатыр, бізді, әдеттегідей, қарбалас күтеді, ал кейбіреулері сыйлықтар дайындау бойынша жағымды машақат құрады, жаңа ойыншықтарды, кәдесыйларды, ішкі көріністерді безендірді.
Жітіқара аудандық балалар кітапханасының кітапханашылары өз оқырмандарына өз үйлерін безендіруге көмек немесе туған-туыстарына ойда жоқ жақсылық жасады.
24 желтоқсан күні кітапхананың оқу залында «Шығармашылық кемпірқосақ» атты мастер-класс өтті. Балалар «вытынанка» әшекейлер техникасында орындады, оқу залды жеңіл және әуе қар бүршігі-балеринкамен гүлдендірді, ең керекті материалдардан 3D көлемді бүршіктер мен аққала жасады. Іс-шара соңында «Ұсақ-түйек ерекше заттардан қолдан жасалған бұйым еліктіргіш» атты кітаптар шолу өткізілді.

22 желтоқсан
Милютин селосының кітапханашысы ауылдық тұрғындар үшін «Латын әліпбиі – өркениет жолы» атты ақпараттық сағат өткізді, бұл ақпараттық сағат «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Елбасының бағдарлама мақаласына арналды.
«Сағат» барысында кезең-кезеңмен қазақ тілі латын қарпіне көшу туралы айтылды. Бұдан әрі қатысушылар латын әріптерімен сөздерді жазуға үйренді. Қатысқандар саны-11 адам.

14 желтоқсан
Күні Жітіқара аудандық кітапханасы Тәуелсіздік Күні қарсаңында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы «Туған жер-туған ел» жобасы аясында «Менің Қазақстаным!» атты тақырып бойынша «XXI ғасыр Көшбасшысы» зияткерлік ойын өткізді. Мақсаты: халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған тәжірибелері мен тәлім – тәрбиесін,адамгершілік қағидаларын оқушы бойына сіңіру. Сөз байлығын, ойлау қабілетін дамыту.
Сайысқа Жітіқара политехникалық колледж бен № 3 орта мектеп оқушылары қатысты. Командалар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік тарихы, қазақ халқының салт – дәстүрлері, Қазақстанның тарих пен география пәндері туралы білімдерін көрсетті. Төрт турдың қорытындысы бойынша № 3 мектептің оқушысы Арсен Авсаткаринов «ХХІ ғасыр Көшбасшысы» болып танылды.
Осы іс-шара барысында екі оқу орындарының оқушылары латын графикасының жаңа қазақ әліппемен танысты.

13 желтоқсанда
Аудандық балалар кітапханасы мұражайымен бірлесіп «Туған өлкем, неткен көркем!» квест-ойынын өткізді. Бұл ойын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне "Рухани жанғыру" бағдарламасы аясында арналды. Ойынға №7 мектептің 9-сынып оқушылары қатысты. Ойынға оқушылар ән айтып, әрбір команда үшін ұраны мен атауы дайындалды. Қатысушылар екі командаға бөлінді: "Жас ұлан" және "Жас қыран". Олар 5 станция өтті: «Мемлекеттік бекеті», «Тарих бекеті», «Мәдениеттік бекеті», «Әдебиеттік бекеті» и «Өлкетану бекеті». Келесі кезеңінің ойындары қажетті өту үшін, олар дұрыс жауап іздеді.
Дұрыс жауап үшін қатысушыларға латын әріптері берілді, іс-шара соңында командалар біртұтас сөз жинауға тиісті. Аталған іс-шараның ерекшелігі, ең бастысы, бұл өзекті тақырып жақындап келе жатқан Тәуелсіздік Күні мерекесі мен ойластырылған барлық кезеңдерінің бірізділігі болды. Іс-шара аяқталғаннан кейін барлық қатысушылар, кітапханашыларға қызықты және танымдық ойын өткізген үшін алғыстарын білдірді.

3 желтоқсан
Бір шыны-аяқ шай ішу
Кітапханада әдеби клубының кезекті отырысы ерекше жағдайда өтті.
«Туған жер таланттарды туғызады» атты авторлық өлеңдер кеші пәтерлік форматында өтті, онда қатысушылардың әрқайсысы әдеби клубының жұмысы туралы өз пікірімен бөлісуге ғана емес, олар өз өнерлерін ұсынуға мүмкіндік көрсетті. Бұл жолы жергілікті авторлар өз өлеңдерін қонақтарға оқыды, гитарамен ән айтып, әдеби викториналар ойнады.
Шығармашылық отырыстары бір шыны – аяқ шай ішуімен өтті. Қазіргі уақытта Жітіқара әдеби клубының он бес авторлары – ақындар мен прозашылар қатысады. Басыңқы көпшілігі – жас ұрпақтар.
Өткен жексенбі күні кітапханада шығармашылық отырыстары еркін жағдайда жүргізілді, қонақтар сұрақтар қойып, әдеби клубының қатысушыларымен пікір алмасты. Кейбіреулері авторларға музыкалық сыйлық алғыстарын білдірді. |